Amnesty International Навальныйды «ар-ұждан тұтқыны» деп есептемейді. Оған не себеп болды?
Адам құқығын қорғайтын халықаралық ұйым Алексей Навальныйды «ар-ұждан тұтқыны» деп атаудан бас тартты. Бұл туралы Аарон Мате хабарлады.
New: @AmnestyUK withdraws designation of Navalny as a "prisoner of conscience." In email, Amnesty says it's "no longer able to consider Aleksei Navalny a prisoner of conscience given the fact that he advocated violence and discrimination and he has not retracted such statements." pic.twitter.com/E9m0e6lzT8
— Aaron Maté (@aaronjmate) February 23, 2021
Amnesty International ұйымының Шығыс Еуропа және Орталық Азия бойынша менеджері Александр Артемьев «Медиазона» басылымына берген сұхбатында:
– Навальныйдың 2000-жылдардың ортасында айтқан сөздерін зерттей келе, онда «жек көру риторикасы» табылды. Шешімнің негізі осы болды, деді.
Алайда Артемьев ресейлік оппозиционер нақты не дегенін айтпады.
Менеджердің айтуынша, ұйымға Алексей Навальныйдың сөзін тексеру туралы өтініштер көптеп түскен. Кімдер өтініш түсіргені белгісіз.
Навальныйды дереу босату туралы талап күшінде қалады, себебі ол саяси себеппен қудаланып отыр.
Amnesty International ұйымы
Еске салсақ, Ресейлік оппозиционер қаңтар айының ортасында Мәскеудің Внуково әуежайында ұсталып, бірден қамауға алынған. Сол кезде халықаралық ұйым «Ресей билігі Навальныйдың үнін тағы өшіруге тырысып жатыр» деп мәлімдеген.
Осыдан бір ай бұрын, 17 қаңтар Amnesty International Алексей Навальныйды «ар-ұждан тұтқыны» деп таныды.
«Медиазон» басылымының болжамы бойынша шағымның ар жағында Кремль қаржыландыратын Russia Today медиахолдингі тұр.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық