Американың «алтын ғасыры»: Дональд Трамп екінші рет АҚШ президенті атанды
Фото: AP Photo
Вашингтонда өткен инаугурацияда Дональд Трамп ресми түрде АҚШ-тың 47-президенті ретінде қызметіне кірісті, деп хабарлайды Orda.kz.
Трамп екінші рет Ақ үйге қайта оралды. Саяси жолы күрделі болғанына қарамастан, табандылығы мен қолдаушыларының ықпалы оны қайта жеңіске жеткізді.
Капитолий ғимаратына келген Трамп Конституцияны қорғауға және халық мүддесіне қызмет етуге салтанатты түрде ант берді. Ол өз сөзінде: «Мен АҚШ президентінің міндеттерін адал орындауға және бар күш-жігеріммен Конституцияны қолдауға, қорғауға және сақтауға ант етемін» деп атап өтті.
Инаугурацияға Трамптың жақындары – жұбайы мен балалары қатысты. Сондай-ақ, шараға бұрынғы президенттер Барак Обама, Джордж Буш және Билл Клинтон жұбайларымен келді. Әлемге әйгілі бизнесмен Илон Маск та салтанатты жиынның құрметті қонағы қатарында болды. Масктың Трамп саясатына қолдау білдіруі көпшіліктің назарын аударды.
Салтанатты шарадан кейін Трамп президент ретіндегі алғашқы әрекеттерін қолға алады. Оның жоспары миграциялық саясатты күшейтуді, табиғи ресурстарды белсенді игеруді және әртүрлі топтардың үкімет жұмысына қатысуын азайтуға бағытталған бағдарламаларды тоқтатуды қамтиды.
Инаугурация кезінде сөйлеген сөзінде Трамп елде жаңа дәуірдің басталғанын жариялады.
«Өзгеріс толқыны бүкіл елді қамтып, ұлттық табысқа жаңа есік ашқалы тұр. Бұл - Американың толық қалпына келуі мен ақылға негізделген революциясының бастауы», - деді ол.
Дональд Трамптың инаугурациядағы сөзінде ел болашағы туралы батыл мәлімдемелер жасалды. Оның сөзі Америка үшін жаңа бетбұрыстың басталуын айшықтап, ел ішіндегі өзгерістерге деген сенімді нығайта түсті. Ол келесілерді уәде етті:
- Қалаларда тәртіп орнату. Трамп заң мен тәртіпті қалпына келтіріп, америкалықтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге уәде берді.
- Мексикалық наркокартельдерге қарсы күрес. Ол наркокартельдерді террористік ұйым ретінде танитынын және олардың іс-әрекетіне тосқауыл қою үшін армияны шекараға жіберетінін мәлімдеді.
- Табиғи екі жынысты ғана мойындау. Америкада тек ер мен әйел бар екенін, гендерлік және нәсілдік күн тәртібіне мемлекеттік саясатта орын жоқ екенін айтты.
- Американың «алтын ғасыры». Оның айтуынша, ел үшін жаңа дәуір басталып, экономикалық және әлеуметтік қайта өрлеу кезеңі келеді.
- Әлемдегі ең мықты армия. Трамптың жоспары бойынша, АҚШ тарихта болмаған әскери күш құрады, бірақ елді қажетсіз соғыстарға араластырмайды.
- Бейбітшілік пен бірліктің кепілі. Өзін бейбітшілік сақтаушысы ретінде таныстырып, Таяу Шығыстағы (ХАМАС пен Израиль) бейбіт келісімге қол жеткізгенін және бұл арқылы тұтқындардың отбасыларына қайта оралғанын айтты.
- Сөз бостандығын қалпына келтіру. Ол мемлекеттік цензураны тоқтатып, АҚШ-та сөз бостандығын толықтай қайтарады деген шешім қабылдамақ.
Жаңалықтар
- Алматыда мектептен заңсыз шығарылған мұғалім сотта жеңіп шықты
- Қасым-Жомарт Тоқаев қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды
- Астана мен Алматыда үш күн қатарынан қолайсыз ауа райы болады
- ҚР СІМ: Қазақстан Газа секторына әскер жібермейді
- Оман астанасынан 314 адам елге келді, Таяу Шығыста тағы 9 мыңнан астам қазақстандық бар
- Тоқаев Бағдат Мусинді қабылдады
- Ресейлік газ тасымалдайтын кеме Жерорта теңізінде шабуылға ұшырады
- Израиль қорғаныс министрі: Жаңа басшы «ескі саясатты» қолдаса — көзін жоямыз
- Жұманғарин: Азық-түлік бағасы көтерілгенін ҚҚС-қа жаба бермейік
- «Мумия» деп мазақтап, ұрған: Алматыдағы түзету орталығы даудың ортасында қалды
- Шығын — 40 млн теңге: Павлодар облысында мал ұрлығымен айналысқан 9 адам ұсталды
- Мелания Трамп БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі отырысын өткізіп, сынға қалды
- Дубайда қырғын болғаны рас па? Х желісі қарулы қақтығыстар туралы фейк видеолармен күрес бастады
- 8 наурыз мерекесінің шығу тарихы
- Соғыстың төртінші күні: Иранда не болып жатыр?
- БАҚ: Хаменеидің ұлы Иранның жоғары көшбасшысы болды
- Ақтөбеде пауэрбанк кесірінен бір отбасы баспанасыз қалды
- Иранға шабуыл: Әлем басшылары дүниежүзілік соғысқа ұласып кетпесе деп алаңдаулы
- «Ақиқат пен есептің арасы жер мен көктей»: Арал теңізінде не болып жатыр?
- Рудныйда аулада ойнап жүрген баланы көлік қағып мерт қылды