Америкалық газет Ресейде ұсталған журналисті дереу босатуды талап етті
Wall Street Journal
Ресейде қамауға алынған Wall Street Journal журналисі Эван Гершковичке тыңшылық жасады деген айып тағылды.
Wall Street Journal басылымы редакцияның тапсырмасы бойынша Ресейде болған және тұтқындалған өз тілшісін дереу босатуды талап етті. Оған тыңшылық жасады деген айып тағылып отыр. Газет ешбір журналисті «жәй ғана өз жұмысын атқарғаны үшін» ұстауға болмайды деп санайды. Басылым бұл тұтқындауды «еркін баспасөзді аяусыз қорлау» деп санайтынын мәлімдеді.
«The Wall Street Journal Ресейде репортаж жасап жүрген кезінде тұтқындалған танымал журналист, әріптесіміз Эван Гершковичті дереу босатуды талап етеді. Біз Эван сияқты журналистердің қорықпай жазуының арқасында әлемде не болып жатқанын білеміз. Эванның ұсталуы еркін баспасөзге жасалған қатыгездік және әлемдегі барлық еркін адамдар мен үкіметтердің наразылығын тудыруы тиіс. Ешбір репортер ешқашан өз жұмысын істегені үшін қамауға алынбауы керек» делінген газеттің баспагері Dow Jones таратқан мәлімдемеде.
РБК хабарлауынша, ФСБ Гершковичті 30 наурызда Екатеринбургте ұстаған. Арнайы қызмет журналист Вашингтонның нұсқауы бойынша Ресей әскери-өнеркәсіптік кешені кәсіпорындарының бірі туралы мәліметтер жинағанын айтады. Мәскеудің Лефортово соты сол күні оны мамыр айының соңына дейін қамауға алды.

Осыған дейін Гершкович оның телефоны тыңдалды деген болжамын айтқан екен. Ол тіпті тапсырмалардың бірінде өзінің артынан «Ресей қауіпсіздік қызметінің бірнеше қызметкері ерген» деп те мәлімдеген. Сонымен бірге журналист жұмыс істейтін газет оған тағылған айыптардың барлығын жоққа шығарып, тұтқындауға жауап ретінде Ресей елшісі Анатолий Антоновты және барлық ресейлік журналистерді АҚШ-тан шығаруға шақырды. АҚШ президенті Джо Байден әзірге Гершковичті босатуға шақырып, шетелдік журналистерді елден шығару мүмкіндігін жоққа шығарды.
Алайда Кремль «оның шын мәнінде журналистік әрекеттерді жамылып, тыңшылық жасағанын» айтып, Гершковичтің нақты мәліметтермен ұсталғанын алға тартты.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық