Америкалық отбасы асырап алған қазақ қызы өз-өзіне қол салды
Фото: Бейнеден кадр
АҚШ-та 26 жастағы Қазақстан тумасы қайтыс болды, оны кезінде америкалық отбасы асырап алған болатын, деп хабарлайды Orda.kz тілшісі.
Динараны америкалық отбасы 6 жасында асырап алған. Сол күні олар Қостанайдағы балалар үйінен тағы бір баланы асырап алып, екі кішкентай қазақстандық мұхиттың ар жағына аттанған еді.
Бірнеше жылдан кейін асыраушы ата-анасы ажырасып, жаңа отбасын құрады. Қыз жалғыз қалады.
Қазақстаннан шетелдіктер асырап алынған балаларға арналған бір телебағдарламада Динара асырап алған ата-анасының ажырасуы туралы айтқан болатын.
«Олардың жаңа өмір бастағанына өте қуаныштымын. Өмірлерін менсіз бастағанына еш ренжімеймін»,
– деді ол.
Қыз сондай-ақ Қостанайдағы балалар үйіндегі балалық шағы туралы әңгімелеп берді.
«Бізге адам ретінде емес, балалар үйінің тобырындай қарайтын. Бойым ұзын болғандықтан, тәрбиешілер мені сиыр деп атайтын. Бізді ағаш таяқшалармен ұратын, үтікпен күйдіретін, өте ыстық суға тұрғызатын, ауызымызға сабын тығып, қараңғы душқа қамап қоятын»,
– деп еске алды Динара.
Сенбі, 6 қазан күні, қыздың өз-өзіне қол жұмсағаны белгілі болды. Бұл туралы «Шетелдегі қазақ балалары» жобасының авторы Жанар Байсемізова-Колесникова өзінің фейсбук парақшасында жазды.
«АҚШ-тан жеткен қаралы хабар жылы күздің күнін суытып жіберді. Бізді кешір, Динара. Жаның жәннатта болсын», — деп жазды Жанар Бейсемізова.
Динара жазумен, шығармашылықпен айналысқан болатын.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық