Америкалық журналист Украинадағы соғыстың аяқталуының үш сценарийін сипаттады
Америкалық журналист Томас Фридман The New York Times –тегі мақаласында Украинадағы соғыстың аяқталуының үш сценарийін сипаттады.
Автордың айтуынша, бірінші, ең ауыр сценарий, Еуропа нацистік дәуірден бері көрмеген ауқымды әскери қылмыстар болуы мүмкін. Сарапшы Батыс Владимир Путинді тоқтата алмаса, ол Украинаны жер бетінен жоқ қылуға дейін барады деп есептейді.
«Қазіргі жаһандану әлемі мұндай деңгейдегі соғыс қылмыстары үшін айыпталған, елі 11 уақыт белдеуін қамтитын, әлемдегі ең ірі мұнай мен газ жеткізушілерінің бірі болып отырған және ядролық оқтұмсықтардың ең үлкен арсеналына ие көшбасшымен ешқашан күресуге мәжбүр болған емес» деп жазады Фридман.
Автор ықтималдығы төмен деп атаған екінші сценарий бойынша Ресейге қарсы экономикалық санкциялар күшіне еніп, екі тарап та ымыраға келуге мәжбүр болады.
«Атысты тоқтатуға және ресейлік әскерлерді шығаруға айырбас ретінде қазір де-факто Ресейдің бақылауындағы Украинаның шығыс анклавтары Ресейге ресми түрде беріледі, ал Украина ешқашан НАТО-ға кірмейтініне ашық уәде берді. АҚШ пен оның одақтастары Ресейге қарсы жақында енгізілген барлық экономикалық санкцияларды алып тастауға келіседі» деп болжайды сарапшы.
Фридманның айтуынша, бұл сценарий Путиннен Украинаның реинтеграциясына қатысты өз көзқарасына қол жеткізе алмағанын мойындауын талап етеді.
Америкалық журналистің пікірінше, ең екіталай сценарий – орыстар көтеріліп, ақырында Путиннің өзін құлатады.
«Мыңдаған адамдар қазірдің өзінде Путиннің ақылсыз соғысына наразылық білдіру үшін көшелерге шығып жатыр. Олар өз қауіпсіздігіне қауіп төндіруде. Және айту әлі ерте болса да, олардың кері реакциясы қорқыныш кедергісі болып жатқан жоқ па деген сұрақ туады. Егер бұқаралық қозғалыс ақыры Путин билігіне нүкте қоя алатын болса» деп жазды мақала авторы.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық