«Америка дауысы» радиостанциясы хабар таратуды тоқтатты
Фото: Pixabay
1,3 мыңнан астам қызметкер еңбек демалысына жіберілді, деп хабарлайды Orda.kz.
83 жылдан бері радиостанция алғаш рет хабар таратуын тоқтатты. Бұл туралы LinkedIn әлеуметтік желісінде редакция директоры Майкл Абрамовиц мәлімдеді.
«Мен аты аңызға айналған «Америка дауысының» 83 жылдан бері алғаш рет үнсіз қалғанына қатты қынжыламын. Бүгін таңертең мен бүкіл команданың дерлік – 1,3 мыңнан астам журналистер, продюсерлер мен көмекші қызметкерлердің әкімшілік демалысқа шыққанын білдім. Оның ішінде мен де бармын» деп жазды Абрамовиц.
«Америка дауысы», сондай-ақ «Азаттық радиосы» және «Азат Азия радиосын» қаржыландыруды Дональд Трамптың бұйрығымен осы БАҚ-тың бас агенттігі USAGM арқылы тоқтатты.
Бұған дейін АҚШ президенті бюрократиямен күресу үшін бірден бірнеше департамент міндеттерін қысқарту туралы жарлыққа қол қойған болатын. Тиісті құжат 14 наурызда Ақ үй сайтында жарияланды. Бұл тізімге АҚШ-тың Жаһандық БАҚ жөніндегі үкіметтік агенттігі де (USAGM) кірді.
Трамп өзінің бірінші мерзімінде USAGM-тің редакциялық шешімдерін сынға алғаны баршаға мәлім.
Бизнесмен, қазір Мемлекеттік тиімділік департаментінің кураторы Илон Маск бұған дейін бұл БАҚ-ты жабуға шақырған. Ол өз ұсынысын негіздей отырып, оларды «өзімен-өзі сөйлесетін ессіз солшыл радикалдармен» салыстырып, «жыл сайын америкалық салық төлеушілердің қалтасындағы миллиардтаған долларды босқа жағып тастайды» деп сипаттады.
Бұған дейін еліміздегі депутат Смирнова Қазақстан ұлттық мүддесін USAID сияқты ұйымдар қызметінен қорғауы қажет деп мәлімдеді. Үкімет басшысына жолдаған депутаттық сауалында мәжілісмен АҚШ талқылап жатқан USAID агенттігі, «Азаттық радосы» мен «Америка дауысы» радиоларын мысал етті.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық