Америка азаматы алматылық әйелдің 3 жастағы баласын тартып алмақ
Фото: freepik.com
Алматыда америкалық азамат мен оның қазақстандық әйелі арасында дау туды. Олар ажырасқаннан кейін 3 жасар баласын бөлісе алмай әлек, деп хабарлайды Orda.kz.
Алдын ала мәлімет бойынша, бұрынғы ерлі-зайыпты балаларының қайда тұратыны жөнінде ортақ шешімге келе алмай сотқа жүгінген. Америкада тұратын әкесі ұлын қайтаруды талап етіп отыр. Ал алматылық ана баланы өзіне қалдырғысы келеді.
Сана Онаева университеттен кейін Американың құқықтық жүйесін зерттеу үшін сол елде білімін жалғастыруды ұйғарған. Кейін АҚШ азаматымен көңіл қосыпты. Алайда ажырасқаннан кейін ұлын алып, Қазақстанға оралған. Бұған дейін америкалық сот баланың әкесімен тұруы қажет деген шешім шығарған. Бірақ анасына ұлын уақытша Қазақстанға алып кетуге рұқсат еткен. Алайда ол бұл мерзім аяқталған соң, АҚШ-қа оралудан бас тартып отыр. Әйел баласынан айырылып қалулан қорқады.
«Қайтадан АҚШ-қа оралудан қорқамын. Сол жақта мен тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болдым. Күйеуім, АҚШ пен Франция азаматтығын алған. Маған ғана емес, кішкентай баламызға да психологиялық және физикалық қысым көрсетті. Өкінішке қарай, Америка мені қорғай алмады. Менің орнымда кез келген ана дәл осылай жасар еді. Егер мен АҚШ-қа қайтсам, баламды әуежайда бірден тапсыруым керек болады», - деді Сана Онаева.
Алматы қаласының алғашқы сот инстанциясы шешімді ананың пайдасына шығарды. Алайда ювеналды сот баланы әкесіне қайтару туралы үкім шығарды. Онаеваның қорғаушылары сот барысында судья тек америкалық заңдарға сүйеніп отыр дейді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық