Қамауға алынған ПМХЗ бас директорының ұлы Тоқаеқа видеоүндеу жасады
Фото: ашық дереккөз/ Фотоколлаж: Orda.kz
Павлодар мұнай химиялық зауытының бас директоры Оспанбек Әлсейітов қаражатты оңды-солды пайдаланды деген күдікке ілініп қамауға алынған. Оның ұлы Сұлтан Оспанбек президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жасап әкесінің екі айға қамауға алынғанын айтқан.
Сұлтан Оспанбектің видеоүндеуін желідегі парақшасына жүктеді.
«Тергеу нұсқасы бойынша, әкемді 2018 жылдың 3 қаңтар күні «Ертіс Мұнай Сервис» компаниясымен бірлесіп қоспаларды жеткізу үшін бас директор атынан келісімшартқа қол қойды деп айыптап отыр. Ол бұл қызметке 2017 жылдың 22 желтоқсанында келген еді. Тендерлік шаралар мен шешімдер 2016 жыл мен 2017 жылдың желтоқсаны аралығында қабылданған, ол кезде әкем «ҚазМұнайГаз» компаниясында департамент директоры болып жұмыс істеген. Біз тағылған айыптың барлық дәлелдерін келтірдік, бірақ Экономикалық тергеу басқармасының тергеушісі Асылхан Асан оларды елемейді. Ол бұны Ақордадан түскен бұйрық деп отыр. Тергеушінің айтуынша, барлығына себеп мұнай-газ саласымен айналысу туралы жоғарыдан келген бұйрық» деп түсіндірді Сұлтан Оспанбек.
Сұлтан Оспанбек әкесі кінәлі емес екенін айтып, президенттен Оспанбек Әлсейітовтың абыройы мен қадір-қасиетін қалпына келтіру үшін барлық қажетті шараларды қабылдауды сұрады.
Естеріңізге сала кетейік, ПМХЗ бас директоры мен Павлодар облыстық мәслихатының депутаты Оспанбек Әлсейітовтың ұсталғаны туралы 8 ақпанда әлеуметтік желілерде ресми түрде хабарланған болатын. Алайда, облыстық экономикалық тергеу департаменті БАҚ-тың көптеген сұрауларына қарамастан, әлі күнге дейін ресми ақпарат берген жоқ.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық