Амангелді Сейітханды еске алуға арналған республикалық жарыс өтті
Нұр-Сұлтанда бильярдтан белгілі спорт журналисі, комментатор Амангелді Сейітханды еске алуға арналған республикалық жарыс ұйымдастырылды.
Тастаяқ турниріне журналистер мен қоғам белсенділерінен құралған 12 команда қатысып, Тараздан келген комнда жеңіске жетті. Тараздықтар финалда Алатау командасынан басым түсті. Ал үздік үштікті ұлттық арна түйіндеді.
Әйгілі комментатор Амангелді Сейітхан футбол десе ішкен асын жерге қоятын. Жас журналистермен футбол ойнап тұратын.
Әріптес ағасы Қайнар Олжай кейінгі кездері Амангелдінің бильярдқа әуестеніп жүргенін еске алды.
— Амангелдіден алатын, жасаған тәлімі – адам өзін тәрбиелеп өзінің уақытын бағалауы, өзін бағалауы. Бильярд ойнайтын, бірақ таңнан түнге дейін, түннен таңға дейін еш уақытта ойнаған емес. Екі-үш сағат ойнап, содан кейін рақметін айтып, сыпайы күліп кетіп қалатын,- дейді Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қайнар Олжай.
Белгілі спорт комментаторының ұлы Бекасыл Амангелдіұлы де әкесі туралы айта кетті.
— Менің әкем негізінде қазақтың баласы болды. Оның ішінде қазақ спортының дамуына өзінің үлкен үлесін қосқысы келді, бұл өмірдегі арманы. Сондай спорттың қызығушылығын арттыру үшін, алдымен, ең бірінші өзін қызықтырды және де одан кейін халықты қызықтырғысы келді, -дейді Бекасыл.
Дана Нұржігіт осындай журналистерге арналған шаралардың көптік етпейтіндігін айтып өтті.
— Аманымыздың балалары аман болсын, артында қалған ұрпағы аман болсын деймін. Оны көрермен үнемі іздейді. Сөздің парқын түсінетін, қазақы айтысқа енжар қарамайтын халық іздейді. Сондықтан іздеушісі бар есім. Үнемі біздің жадымызда болуы керек. Ал оның ең басты шарты дәл осындай шараларды өткізіп, достарымызды, дүниеден ерте озған әріптестерімізді осылай қазақ тарихына алтын әріппен жазылуына әсерлі дүние жасап, игі шара ұйымдастыру деп ойлаймын,- деп қосты ҚР Сенат депутаты Дана Нұржігіт.
Шараға жиналған марқұмның ізбасарлары мен үзеңгілес достары оны сағына еске алды. Олар алдағы уақытта оның атындағы футзалдан турнир ұйымдастырып, үздік спорт тілшілеріне арналған жүлде тағайындалса деген тілек білдірді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық