AMANAT партиясының мүшесін педофил деп айыптады: Депутаттар не дейді?
Фото: Ақсу ауданының әкімдігі / facebook
40 жастағы AMANAT партиясының Ақсу аудандық филиалының жетекшісін балаға зорлық жасады деп айыптағаннан кейін партия ресми мәлімдеме жасаған жоқ.
Orda.kz осы жайлы депутаттардың пікірін біліп қайтты.
Мәжілісмен Асхат Аймағамбетов болған жағдайдың егжей-тегжейін әлі білмейтінін айтты. Ол бір адамның әрекетіне қарап барлығына баға беруге болмайтынын атап өтті:
«Қазақстанда қазір 20 миллионнан астам азамат бар. Солардың бір бөлігі белгілі бір этносқа жатуы мүмкін. Бір этнос, мамандық немесе қоғамдық ұйымның өкілі қылмыстық әрекетке қатысса, барлық адамдарға қатысты пайым жасауға бола ма? Сондықтан мен бұл мәселеге қатысты түсініктеме бермей-ақ қояйын», – деді Асхат Аймағамбетов.
Ол бұл мәселені «ұйым», яғни AMANAT партиясының басшылығы түсіндіруі тиіс екенін айтты.
AMANAT партиясының басқа депутаты Елнұр Бейсембаев ашық пікір білдірді. Ол тергеу нәтижелерін күту қажет екенін атап өтті.
«Бірінші кезекте дәлелденсін. Бұл адам қылмыс жасалмай тұрып, бірнеше апта бұрын өз еркімен жұмыстан шықты. Сондықтан ол қылмыс жасаған кезде партияның атқарушы хатшысы немесе қызметкері болмаған. Нәтижелерді күтейік. Әр адам заң аясында өз құқығын қорғай алады», — деді Елнұр Бейсембаев.
Бейсембаев сондай-ақ балалар құқықтарын қорғау жөніндегі заң жобасының авторы болғанын және педофилдерді кастрациялауды ұсынғанын, бірақ оның ұсынысы қолдау таппағанын атап өтті. Оның орнына өмір бойы (шартты түрде босатылу құқығынсыз) түрме жазасы енгізілді.
«Мен мұндай адамдарды ұға алмаймын. Оларға ішім жылымайды. Құдай сақтасын... Біз сондай адамдарды күнде көріп, жұмыс істейтін болсақ... Бізде осындай адамдардың болмауын қадағалау керек. Біз үнемі тексеріп отырамыз. Қайта тексереміз десек болады. Мен жеке өзім кастрацияға қатысты түзетулер енгізілсе бұл норма тиімді болар еді деп есептеймін. Заңда болса, бұл қылмысты тоқтату үшін қандай да бір серпін берер еді», – деді депутат.
Депутат сондай-ақ педофилияның көбейгені отбасындағы тәрбиенің аздығы мен отбасылық проблемаларға қатысты болуы мүмкін екенін болжады. Ол отбасы институтын нығайту қажеттілігін атап өтіп, психологиялық соққылардың қылмысқа әкелетіні жайлы айтты.
«Негізінен педофилдер сондай психологиялық соққы бар отбасылардан шығады. Бала қараусыз қалған немесе ата-аналары ажырасып кеткен немесе оларды тастап кеткен отбасыларда бала ауыр психологиялық соққы алады. Солай бұл адамдардың жастық шағында қандай да бір психологиялық жарақаттар болады. Бұл туралы дәрігерлер мен психологтар айтып жатыр», – деді ол.
Сосын журналистердің мектептерде жыныстық тәрбие енгізу туралы сұрағына Бейсембаев оқу бағдарламалары мен мұғалімдерді даярлау мәселелерін шешу керек деген пікір білдірді.
«Бұл туралы менің көзқарасым консервативті. Бұл білімнің қажет екенін білемін. Бірақ бұл білімді тарататын дұрыс мұғалімдер табамыз ба, соған күмәнім бар. Тарих пен ағылшын тілінен мұғалімдер таба алмай жатырмыз. Ал сіздердің бұл білімдеріңіз унификацияланған. Оны кім оқытады? Қазір менің ойымша, бұл мәселені көтеру тым ерте», – деді депутат.
Депутат отбасы институты бар және ата-аналар белгілі бір жаста мұндай мәселелерді түсіндіруі керек екенін айтты.
«15-16 жаста әрқайсымызбен әкем сөйлесетін. Нені қалай айту керек. Қандай да бір шектеулер қоятын. Біздің уақытта (сексуалдық қадам – ред.) біраз кейінірек болатын, мүмкін, қазір біршама ерте басталады», – деп түйіндеді ол.
Orda.kz тамыз айында 40 жастағы Ақсу аудандық филиалының AMANAT партиясының жетекшісі Серікқан Жақыпов сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекетке барды деген күдікке ілінгені хабарланған болатын.
Депутат Снежанна Имашева бұрын партия ішінде мұндай жағдайдан кейін ешқандай жұмыс жүргізілмейтінін жеткізді. Ол даулы жағдайды партиямен байланыстырмауды өтініп, «партияда басқа да мүшелер бар» деп айтты.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық