«Аманат» партиясының логотипі жарияланды
Фото:Асхат Оралов/facebook.com
«Аманат» (бұрынғы «Нұр Отан» партиясы) партиясының жауапты хатшысы Асхат Оралов партияның жаңа логотипін жариялады.
Еске салайық, кезектен тыс съезде «Нұр Отан» партиясының атын Аманат деп өзгерту ұсынылған болатын. Бұл ұсынысты Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов айтты. Оның айтуынша, елдегі реформалармен қатар партия да жаңарып, ұйым қызметін жаңа мазмұнмен толықтыру үшін оның сипаты мен атауын өзгерту қажет.
– Аманат – халқымыздың мәдениетінде ерекше терең ұғым, ол ата-бабамыз аманат етіп қалдырған тәуелсіздіктің өшпес мұраттарын, тұғырлы мемлекеттілік құндылықтарын, ұлттық бірлікті, туған жеріміздің ұлан-ғайыр кеңістігін білдіреді. Біз осы баға жетпес мұраны көздің қарашығындай сақтауымыз және нығайтуымыз керек. Бұл өткен және болашақ ұрпақ арасындағы біздің қасиетті парызымыз, - деді Тоқаев.
Асхат Оралов тәуелсіз елдің ата-баба аманаты екенін айтып, оны сақтап қалудың үлкен жауапкершілік екенін еске салды. Сондай-ақ, Аманат партиясының халық мұрасын сақтаушы партия екенін жеткізді.
– Біріншіден, AMANAT – мемлекет мүддесі үшін тарихи жауапкершілікті алған партия. Тәуелсіз мемлекетіміз, еліміз бен жеріміз – ата-бабамыздың бізге қалдырған аманаты. Осы аманатты халық игілігі үшін сақтап қалу, келер ұрпақтарға жеткізу – ел тұтқасын ұстаған бас партия үшін ең үлкен жауапкершілік. Екіншіден, AMANAT – халық мұрасын сақтаушы партия. Тамыры терең тарихымыз, мәдениетіміз бен әдебиетіміз, тіліміз бен салт-дәстүріміз – Тәуелсіз Қазақстанның барша азаматтарының мұрасы. Осы мұраны біртұтас елдің ортақ мүддесі үшін аманат ретінде көздің қарашығындай сақтап, дамуына жағдай жасау – партияның ірі міндеттерінің бірі.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық