Алыстағы бірнеше ауылды сусыз қалдырған Нығматуллиннің туыстары ма?
Коллаж Orda.kz
«Нұрлан Нығматуллиннің туыстары аулымыздың берекесін кетірді» деген құмсайлықтар үкіметтен көмек сұрайды. Бюджеттен бөлінген жүздеген миллион теңге ақшаның сұрауы жоқ па? Ел аң-таң.
Құмсай -Ақтөбе облысының шалғай ауылдарының бірі. Өңірдің Мұғалжар ауданына қарасты ауыл ауыз су зардабын тартып отыр. Ауылға ауыз су тартуға бюджеттен 361 миллион теңге ақша бөлінген. 2021 жылдың күзіне дейін жұмыстар аяқталуы керек болатын. Бірақ тендерді ұтқан мердігер «Дәнекер» ЖШС компаниясы да, су да жоқ.

«Осы жұмыстың тендерін Нұрлан Нығматуллиннің туыстарына берген. Тек бұл емес бірнеше объект алған. Не деген масқара? Жоғарыдағылардың бәрі сыбайлас болып тұр. Әйтпесе, жүздеген миллион теңге ақшаның шырайы шығатын уақыт болды. Қарапайым адам біреуден бір миллион теңге алып кетсе, қамап тастайды» дейді Жайлыбек Айтмағанбетов.
Ауыл іші астаң-кестең, су жүргізу үшін қазылған құбырлар орны көмілмей қалған. Аяқталмай қалған жұмыстар ауыл өмірін екі есе қиындатып жіберді. Шұңқырға ауылдың малы мен адамы түсіп, әбден мазасы қашты.
«Мемлекеттің ауылды таза ауыз сумен қамтамасыз ету туралы бағдарламасы кеше шыққан жоқ. Он жылдан аса уақыт айтылып келеді. Республикалық бюджеттен ауылға су кіргізуге жүздеген миллион теңге қаржы бөлінген. Бұл дегенің елдің ақшасы ғой. Енді оның мақсатты игерілгенін неге қадағаланбайды? Үкімет қайда? Ақшасы бөлініп берген жұмысты жасата алмай отыр. Шынын айту керек, ел осыдан кейін таң қалудан да шаршады, айналайын. Айта берсең шежіре. Ауылда жағдай болмай жатыр. Ауылды көркейту керек деген ауызбен ғана айтылады. Ештеңе істеліп жатқан жоқ» дейді ауыл тұрғыны Амангелді Көпжасарұлы.
Тұрғындармен бірге шырылдаған ауыл әкімі де жұмысты аяқтамай кеткен мердігер компанияға ештеңе істей алмай отырғанын айтып ақталды.
«Су кіргізу жұмыстарын 2021 жылдың қарашасында бітіру керек еді. Мердігер компания жауапсыздығынан болар, жасалмай қалды. Олар көп жерден тендер ұтып алған. Ауыл іші қазылып жатқаны рас. Бірақ мен ол жерді көме алмаймын. Оған қаржы керек. Күнде таңертең тұрғанда соларға хабарласамын. Мен не істей аламын?» дейді Құмсай әкімі Асылбек Тұғыров.
Мұғалжар ауданының әкімдігі мердігер компания «Дәнекер» ЖШС-нің үстінен сотқа арыз түсірген. Қазіргі уақытта сот процесі жүріп жатыр.
Белгілі болғандай, жұмысты аяқтамай басы дауға қалған «Дәнекер» ЖШС Құмсай ауылынан бөлек, Мұғалжар ауданының Жарық елді мекені және Қандыағаш қаласындағы Нұрлы көш ауданына ауыз су тарту жұмыстарына тендер ұтып алған. Оларда да жұмыстар аяқталмай тұр.
Авторы: Ардақ Ерубаева, Ақтөбе
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық