Ғалымжан Есенов Kcell акционері атанды
Сурет ашық дереккөзден
Ғалымжан Есенов Kcell ұялы байланыс операторының акционері атанды. Бұл туралы компанияның KASE-де жарияланған мәлімдемесінде айтылған. PIONEER TECHNOLOGIES S.A R.L компаниясы байланыс операторының акционерлерінен шықты.
2023 жылғы 28 шілдедегі үзінді көшірмеге сәйкес Ғалымжан Есенов Kcell капиталындағы 10% және одан да көп үлеске ие бола бастады. Осылайша ол компанияның негізгі акционеріне айналды. Есеновтің нақты үлесі құжатта көрсетілмеген. Үзінді деректер негізінде PIONEER TECHNOLOGIES S.A R.L. ұялы байланыс операторының акционерлігінен шықты.
KASE мәліметінше, Ғалымжан Есенов Jusan Bank-тің ірі акционері. 2023 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша ол банк акцияларының 19,67%, «First Heartland Securities» АҚ 78,23% иеленді. Кейінірек, 14 шілдеде Bloomberg агенттігі Жусан банкінің акционерлері құрамында жақын арада өзгерістер болуы мүмкін екенін және Ғалымжан Есенов банк капиталындағы үлесін 100%-ға дейін ұлғайта алатынын хабарлады. Одан кейін Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі бұл ақпаратты ресми растамады.
Сонымен бірге, 2023 жылдың шілдесінде акционерлердің жылдық жалпы жиналысында Ғалымжан Есеновті First Heartland Securities директорлар кеңесінің төрағасы етіп сайлау туралы шешім қабылданғаны белгілі болды.
Еске сала кетейік, PIONEER TECHNOLOGIES S.A R.L. Люксембургте тіркелген, 2021 жылдың күзінде Kcell дауыс беретін акцияларының 10 және одан да көп пайызына иелік ете бастады.
2023 жылдың шілдесінде Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин 2023 жылдың соңына қарай «Қазақтелекомнан» байланыс операторларының бірін шығару жоспарланып отырғанын хабарлады. Айта кету керек, байланыс операторы «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС-нің 100% (Tele2/Altel брендтерінде) және «Кселл» АҚ 51% акциясына ие.
«Бұл мәселе «Самұрық-Қазына» АҚ басшылығына қатысты, өйткені бұл оларға арнайы сеніп тапсырылған. Біз оларға үкіметтен жылдың соңына дейін «Қазақтелекомға» қарасты операторлардың бірін шығару үшін мерзім белгіледік. Бірақ «Самұрық-Қазына» қоры берген ақпаратқа сәйкес, қазір екі мүдделі ойыншы тиісті сараптама жүргізіп жатыр («кешенді құқықтық бағалау» – ред.), біз олардың кім екенін айта алмаймыз, себебі ақпаратты жарияламау туралы келісімге қол қойылған...», - деп түсіндірді Бағдат Мусин 2023 жылдың шілдесінде.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық