Ғалымдар 2010 жылғы үлгілерден коронавирусқа ұқсас патоген тапты
Коронавирустың географиялық таралуы бұрын ойлағаннан кең болуы мүмкін. Себебі ғалымдар коронавирусқа ұқсас патогенді 2010 жылғы үлгілерден де тапты, деп хабарлайды ORDA.
Камбоджа ғалымдары құрылымы бойынша SARS-CoV-2 коронавирусына 92% ұқсас патоген тапты. Ол зертханада 2010 жылдан бері сақталған үлгілерден табылды, деп хабарлайды South China Morning Post.
Қоздырғыш 2010 жылдың желтоқсанында Шамель жылқы жарғанаттарынан алынған сынамасынан табылған.
Коронавирусты зерттеу үшін Пномпеньдегі Пастер институты зертханасының ғалымдары 2010 жылы Камбоджаның солтүстік-шығысындағы жарқанаттардан сынама алды. Тәжірибелер арқылы мамандар үлгілердегі екі вирустың COVID-19 қоздырғышын тудыратын SARS-CoV-2-ге 92,6%-ға ұқсас екенін білді.
Ғалымдардың тұжырымдамасы коронавирустың географиялық таралуы бұрын ойлағаннан гөрі кең екендігін көрсетуі мүмкін. Сондай-ақ, әлемде ешкім SARS-CoV-2 вирусына жақын патогендік сынаманы Қытайдан тыс жерде таба алмағанын айта кеткен жөн.
Біріншісі, ресми мәліметтер бойынша, коронавирус індеті 2019 жылдың соңында Қытайдың Ухань қаласында тіркелген.
2020 жылдың тамызында американдық вирусологтар Джонатан Латхэм мен Эллисон Уилсон COVID-19-ға ұқсас вирус 2012 жылы анықталғанын, оның ішінде үш кеншінің қайтыс болып, алты кенші белгісіз ауруға шалдыққаны туралы материал жариялаған. Зардап шегушілерден коронавирустың белгілері табылғанын ескеру керек.
ДДСҰ коронавирустық инфекцияның көзін Уханьнан іздеу керек деп санайды. Алайда Қытайдың сыртқы істер министрлігі аурудың шығу тегі туралы өз нұсқасын берді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық