Қалыңдығын шығарып салып келе жатқанда атылған алматылық
Бекболат Асқатбек. Фото: жеке мұрағат / Orda
30 жастағы Бекболат Асқатбек 7 қаңтарда белгісіз жақтан атылған оқтан жарақаттанып, салдарынан орталық ауруханаға түскен үшінші күні қайтыс болды. Ата-анасы мен үй-ішіне таныстырған қалыңдығын ауылына шығарып салып келе жатқан бетте болған оқиға.
Бекболат қаңтар айының басында үйленгелі жүрген қалыңдығын отбасына апарып, туыстарымен таныстырған. Алматы облысының Бесмойнақ ауылындағы қарт ата-анасының қолындағы жігіт қаладағы мейрамханалардың бірінде аспаз болып істеген.
– Бекболат өзі әке-шешемнің қолындағы солардың қызметіне жарап отырған кенжеміз еді. Інім 6 қаңтарда жұмысымда адам жоқ, үйге келемін деп хабарласты. Жол қашық болғандықтан жатып істейтін. Кешкісін үйленем деп жүрген қалыңдығын ертіп үйге келді. Қонып ертеңіне күндіз қызын ауылына салып жіберейін деп досының көлігімен кеткен. Содан ары Ұзынағашқа қарашаңыраққа қайтам деген. Кейін күні бойы қоңыраулатып ала алмадық. Барып тұрды, бірақ тұтқаны көтермеді. Әбден алаңдадық. 8-і (қаңтар) бірақ жауап берді. Сөйтсек, досы Мұқаділ екен. Ол Бекболаттың аяғына оқ тигенін, телефоны көлікте қалып қойғанын айтты. Қаңтардың 9-ы полиция бауырымның қайтыс болғанын хабарлады, – деп баяндады Нұрболат Асқатбек.
7 қаңтарда ертеңгісін Бекболат көлігі бар досы Мұқаділ Үсенді қалыңдығын автовокзалға апарып, ауылына салып жіберуге шақырған. Қызын шығарып салған соң бірден Ұзынғашқа тартпақ болады. «Қолма-қол ақшасы болмай, интернет я бонкамат жұмыс істемей тұрғандықтан, жолдасы жұмыстан шыққанша қасында бола тұрайын деп, кешкісін көлікпен бірге қайтуға келіскен». Бұл Мұқаділ мен Бекболат алда оқжауын күтіп тұрғанын білмеген кезі.
– Түсте 12.00 шамасында Желтоқсан бойымен көтеріліп, Тимирязев көшесіне бұрыла бергенде сол жақтан көліке сатырлап оқ тие бастады. Көлігімнің дөңгелегі мен моторына оқ тиіп, жүрмей қалды. Алдымыздағы көлік те тұрып қалды, ондағы адамдар апыр-топыр түскенін көріп біз де көліктен шықтық. Жолдың арғы бетіндегі ағаштардың түбіне бой таслап қаша жөнелгенде Бекболат оқ тигенін айтып, ақсаңдай жүрді. Қолын иығымнан асырып алдым да сүйрелеңдеп бір көлікті тоқтаттық, – деді сол жақтан жауған оқтан бас сауғалап қашқандардың бірі Мұқаділ.
Ол өздерінен басқа оқиға орнында кемінде бес-алты көлікке оқ жауғанын, адамдардың мертігіп, жанұшыра айқайлағанын көрген. Бірақ нақты кімдер атқанын байқамаған. «Ойдың бәрі – қауіпсіз жерге қашуда, Бекболаттың жарақатында». Жолда кезіккен көліктің бірі Сейфуллин-Қазыбек би көшелерінің қиылысында орналасқан Жедел медициналық көмек көрсету ауруханасына жеткізіп салған.
Ол отаға кіргізілген Бекболат «ауырсынғанын білдіргенімен, бірақ түбі өлімге апарады деп ойламады» дейді. Дәрігерлер жағдайы жақсарды деп, телефон-жеке заттарын алып қалғаннан кейін бірер сағатта суыт хабар келген. Оқыс шабуылдан кейінгі үшінші күні, 9 қаңтарда кешкісін Бостандық ауданы полициясы Бекболаттың жақындарына қайтыс болғаны жөнінде хабарлаған. Дәрігерлер марқұмға «оқ сегізкөзден тиіп, кіндігінен тесіп өткенін, ішек жолдарын жырта жаралап, ішкі ағзалары қатты қансырағанын», отаның көмектеспегенін түсіндірген.
Марқұмның туыстары мәйітханадағы кезектің көптігінен екі күн сүйегін ала алмаған. Тек 11 қаңтар түстен кейін ретінше әкетіп, қабірін 12 қаңтарда ауылы Бесмойнаққа қойған.
«Бейбіт азаматының қанын сұраусыз төккен...»
«Бауырым ешқандай митингке қатыспады. Шеру күндері жұмыста, одан шығып үйде болды. Саясатта ісі жоқ, шаңырақ көтерсем, ата-анамның қызметінде ризашылығына бөленсем деген бала еді. Халықты обалсынбай ма, көз жасынан қорықпай ма? Көшеде кетіп бара жатқан көрінген адамды ата бергені қалай, ақылыма сыймайды. Жазықсыз жандар нақақ оққа ұшып кетті. ...Әке-шешесі қызығын енді көреміз деп отырғанда қыршын кетті. Өкіметтен біреу хабарласпақ түгілі жағдайды сұрастырмады да. Арызданайын десек, эксгумация жасай ма деп тартынып тұрмыз» дейді Нұрболат Асқатбек.
Мұқаділ біраз жылдан бергі досын ақкөңіл, ешкімге зияны жоқ, ниеті таза, адал болғанын айтады. Көз алдында жүрген замандасынан әп-сәтте айырылып қалғанына сене алмай жүр. Гагарин-Жамбыл көшелерінің қиылысында «Алмалы» кафесінде бас аспаз болған Бекболаттың әріптестері оны ісіне тиянақты, көпшіл әрі ашық адам ретінде сипаттайды.
Бір емес, бірнеше көлікке мінген бейбіт тұрғындарға қарата оқ атылды, салдарынан опат болған Бекболат Асқатбектің өліміне байланысты қылмыстық іс қозғалған-қозғалмағаны белгісіз. Досымен бірге оққа ұшып, қаза таба жаздаған Мұқаділден полиция куәгер ретінде жауап алған. Редакция Алматы қаласының Полиция департаментіне хабарласқанда мұндай жайттарды Бас прокуратура қарайтынын айтып, астанаға сілтеді. Прокуратура ресми сұрау жолдау қажеттігін алға тартты.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық