Ресейде алтыншы сынып оқушысы мектепте атыс шығарды
Ресейдің Пермь қаласы маңындағы Сарс ауылында 12 жастағы оқушы мектепте оқ жаудырды.
Бұл туралы Orda.kz 112 Telegram арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Сарс ауылындағы мектепте алтыншы сынып оқушысы «Сайга» аңшылық мылтығымен атыс шығарды. Ақпараттарға сәйкес, бас-аяғы екі оқ атылған. Алдын ала мәліметтер бойынша, қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.
Оқ жаудырған оқушы ұсталып, қазір тәртіп сақшылары онымен сөйлесіп жатыр. Оқиға бойынша ақпарат анықталуда.

Оқ атқан Дмитрий Губаев полиция қызметкеріне түсініктеме беру кезінде сыныптастары мен мұғалімдеріне ашуланғанын, сол себепті осы әрекетке барғанын айтты. Оның айтуынша Құдай түсіне еніп, не істеу керектігін көрсеткен. Сондай-ақ, алтыншы сынып оқушысы мылтықты сыныптасы Дария Клестовамен арадағы мәселені шешу үшін әкелгенін айтты.
Мылтық ұстап келе жатқан Тима Губаевты бірінші болып өзінің әпкесі көріп қалған. Ол әпкесіне мылтық кезеп, оған үйге қайтуды бұйырады, артынша мектеп ішінде екі рет оқ атқан.
Еске салсақ, 20 қыркүйекте Пермь мемлекеттік университеті аумағына кіріп, университеттің студенттері мен оқытушыларына оқ жаудырған Бекмансуров ұсталған болатын. Оқиға салдарынан алты адам қаза тауып, тағы 28 адам жарақат алды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық