Алтынай Нөгербек Netflix фильміне түседі
Фото: instagram/ Алтынай Нөгербек
Қазақстандық танымал актриса Алтынай Нөгербек Netflix платформасының ҚарЛАГ туралы жаңа фильмге түсіп жатыр, деп хабарлайды Orda.kz.
«Азаттық рухына» берген сұхбатында актриса түсірілімнің Испанияның Бильбао қаласында өтіп жатқанын және оның 2,5 айға созылатынын айтты. Жобаға Қазақстаннан тағы үш актер – Дина Тасболатова, Сергей Уфимцев және Фараби Ақкөзов шақырылған. Фильм режиссері – «Бумажный дом» сериалымен танымал испандық Мигель Ангель Вивас. Басты рөлде «Элита» драмасынан белгілі Аарон Пиппер ойнайды.
Алтынай Нөгербектің айтуынша, бұл жоба Қазақстандағы испан елшісінің бастамасымен жүзеге асырылған. Елші ҚарЛАГ-та болған испандар туралы деректі фильмдер түсіріп, осы тақырыпты көркем фильм ретінде кеңінен таныстыруға ұсыныс жасаған. Фильмнің сценарийі бірнеше рет өзгертіліп, толықтырылған.
Оқиға испан дәрігері мен қазақ қызы Айсұлудың арасындағы қарым-қатынасқа негізделген. Айсұлудың рөлін Дина Тасболатова сомдайды. Фильмде қазақ қызының туған жеріне деген сүйіспеншілігі мен патриоттық сезімі терең көрсетіледі. Алтынай Нөгербек ҚарЛАГ-тағы ананың рөлін ойнайды. Фильмнің премьерасы 2025 жылдың соңына жоспарланған.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық