«Алтын үшін жанталас»: Қостанай облысында диқан атын жамылған «кен іздеушілер» ұсталды
Қостанай облысында кәсіпкерлер жайылым жерді алтын кенішіне айналдыруды жоспарлаған. Бірақ олардың жолы болмай, қолға түсті, деп хабарлайды Orda.kz.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, серіктестік ауыл шаруашылығына арналған жер телімін алған. Бірақ тексеру барысында кәсіпкерлердің жерді мүлде басқа бағытта пайдаланғаны анықталды.
«Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің меншігіне «ауыл шаруашылығы тауарлы өндірісін жүргізу» мақсатымен жер учаскесі берілді. Алайда, бұл жер іс жүзінде бағалы металдарды заңсыз өндіру үшін пайдаланылған».
Тексеру барысында учаскеде арнайы техника, металл іздегіштер және ірі тау-кен жұмыстарының сұлбалары табылды. Кен іздеушілер жердің астан-кестеңін шығарған. Сөйтіп пайдалы жердің құнарлы қабаты жарамсыз болып қалды.
«Кен іздеушілер» тобына 2,6 миллион теңге айыппұл салынып, бүлінген жерлерді қалпына келтіру міндеттелді.
Бұған дейін Семейден құмды жылдар бойы заңсыз тасып, құрылыс компанияларына сатып келген кәсіпкерлер туралы жазған болатынбыз.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық