«Алтын сапа» және «Қазақстанның үздік тауары» байқаулары 2024 жылы болмайды
Фото: egov.kz
«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Алтын сапа» және «Қазақстанның үздік тауары» байқауларын келесі жылға ауыстыратынын мәлімдеді.
Палата Мемлекет басшысының су тасқынына байланысты имидждік және басқа да ірі іс-шаралардың күшін жою туралы тапсырмасын орындау және бюджет қаражатын үнемдеу мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығына конкурсы мен «Қазақстанның үздік тауары» республикалық байқау-көрмесін келесі жылға қалдырды.
Конкурс мемлекет өндірісін және тауарлар мен қызметтер сапасын үнемі жақсарту мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 9 қазанда № 194 «Қазақстанның жаңа экономикасын құру, дамыту мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алуға конкурс өткізу туралы» Жарлығымен тағайындалған.
Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығына конкурс заманауи менеджменттің даму тенденцияларын ескеретін және Еуропалық сапа сыйлығымен үйлестірілген үлгі бойынша өткізіледі. Сонымен қатар, критерийлер өнім мен қызмет сапасы саласындағы жетістіктер үшін ТМД сыйлығына сәйкес келеді.
«Конкурс менеджменттің жетекші рөлін, ұйымның сапа саласындағы саясаты мен стратегиясын, тұтынушылардың өнім мен қызмет сапасына қанағаттануын сипаттайтын көрсеткіштердің маңыздылығын күшейтеді, ұйымдардың сапалы жұмысын сынауға мүмкіншілік береді», - деп атап өтті Атамекен.
«Алтын сапа» байқауына жыл сайын елімізде 200-ге жуық кәсіпорын қатысады.
Жаңалықтар
- Тоқаев Моңғолия президентін «Алтын Қыран» орденімен марапаттады
- БҚО-да тойға келгендер полиция бөлімінен бір-ақ шықты
- Алматыдағы Розыбакиев көшесіне Шаханов есімін беру ұсынылды
- 2027 жылы ҰБТ-ға балама тест болады
- Алматы жұртшылығы Шахановты ақтық сапарға шығарып салды
- Тоқаев: Моңғолиямен ортақ тарих біріктіретін біртұтас тамырланған көшпелі өркениет ұрпағымыз
- Қазақстандағы екінші АЭС Мойынқұм деп аталады
- АҚШ пен Иран арасындағы кезекті келіссөз қашан өтеді?
- Ерболат Досаев тағы бір қызметінен айырылды
- Мексикадағы пирамида маңында атыс болды: Екі адам қаза тапты
- Иран билігі АҚШ-пен келісімге келу үшін делегация жіберді
- Тим Кук Apple компаниясының бас директоры қызметінен кетеді
- Мұхтар Шаханов қайда жерленетіні белгілі болды
- Залал 2 млрд теңге: Петропавлда көлік өтпежолын салуға бөлінген бюджет қаржысы жымқырылған
- Қазақтың біртуар өршіл ақыны Мұхтар Шахановпен қоштасу рәсімі өтіп жатыр
- Астанада төрт тонна қауіпті сұйықтық құйылған 200 канистр табылды
- Ақсу қаласында зауытта жұмысшы қаза тапты
- Меркеде шенеуніктер жетім студенттердің ақысын жеген
- Қазақстан мен Моңғолия геологиялық барлау, мұнай өндіру салаларына заманауи технология енгізу туралы келісті
- Моңғолия президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді