Алтын Ордадағы жаңа былықтың беті ашылды
Алматыдағы атышулы «Алтын Орда» базарының төңірегіндегі дау басылар емес. Қоғам белсенділері сәуір айында басшылық ауысқанымен, сауда орнында заң бұзушылықтар толастамай отырғанын айтты.
Көрші елдерден келген топтар базарды өздігінше бөліп алып, билігін жүргізеді екен. Ондағы үнемі жазасыз қалатын ұрлық-қарлық пен қолдан жасалған қымбатшылыққа осы топтардың қатысы бар,-дейді астанада БАҚ өкілдерімен кездескен заңгер.
«Бұл шағын сауда орны емес, ірі логистикалық торап. Алматы, Алматы облысын қамтамасыз етіп отырған сауда орны. Бұл кем дегенде 3 млн тұтынушысы бар стратегиялық нысан. Егер ол жердің жұмысында ақау болса, бұл әрқайсымыздың үстеліміздегі нанымызға, жеп отырған етімізге дейін әсер етеді. Сондықтан «Алтын Орданың» тағдыры әрқайсымызды алаңдатуы керек» деді заңгер Дәурен Ғабдул.
Осыдан 3 ай бұрын келген жаңа қожайын базардың ортадағы адамдардың қатысуымен көтерілетін бағаларға қатысты былықтарын жоюға уәде еткен. «Алтын Орданың» бұрынғы құрылтайшыларының үстінен 2017 жылы базарды рейдерлік жолмен тартып алды деген арыз түскен болатын. Заңгер Дәурен Ғабдул қазір сауда орнының экс-басшылары бизнес ошағын қайтарып алмақшы екенін айтты.
«Сәуір айынан бастап Алтын Ордада баға төмендеді ме? Халық оны сезіне алды ма? Біз нені күттік? Базардың басшылығы ауысып, бәрі өзгереді, жалға алушылар жақсы өмір сүре бастайды, тауарлардың бағасы түседі деп ойладық. Қоғам арқылы тәртіп орнатуға міндеттіміз. Себебі, басшылықтың ауысқанының өзі үлкен күмән туғызады» дейді заңгер.
Саудагерлер тарапынан да көптеген шағым түсіп жатқан көрінеді. Олар «Алтын Орданың» қазіргі қожайыны тиісті жұмыстарды жүргізе алмай жатқанын айтқан. Ал компанияда 95 пайыз үлесі бар астанадағы экономикалық тергеу департаментінің бұрынғы қызметкері Хамзиннің құрылтайшылар құрамына қалай кіргені белгісіз. Заңсыздықтарды тізген Дәурен Ғабдул бұл мәселелерге базардың қазіргі иелері жауап беріп, тәртіп орнатуға міндетті екеніне сендірді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық