«Алтын ордадағы» жанжал: Марқұмның ата-анасы ұлының өліміне дәрігерді кінәлап отыр
«Алтын орда» базарында ауыр соққы алып, 1 айдан кейін көз жұмған 23 жастағы Қайнар Біләлдің ата-анасы ұлының өліміне Талғар аудандық орталық ауруханасын кінәлап отыр.
Almaty.tv телеарнасының түсірген бейнематериалынан қабырғасы қарс айырылған туыстардың ұрған жігітті де, баланы аман алып қала алмаған дәрігерлерді де кінәләп отырғанын көруге болады.
14 маусым күні «Алтын орда» базарында куәгерлер түсіріп алған видео желіде тарады. Онда ағатайлап жалынған жігіт екі рет ауыр соққы алғаны анық көрінеді. Бірақ ол кезде Қайнар 500 мың теңгелік телефон үшін бақилық боламын деп ойламаған да еді.
— Көмектесетіндей ешкім ештеңе түсінбей қалды. «Ағатай, телефонымды бер» деп жалынып жатыр. Оның қолында пышақ болды ғой. Қыздар көмектесті, – деді куәгер.
Басына тиген ауыр соққыдан ауруханада көз жұмған жас жігітті жақындары күні кеше ақтық сапарға аттандырды. Туыстары кісі өліміне себепкер болған күдіктіге қатаң жаза қолдануды талап етіп отыр.
— «Алтын ордада» күткен. Екі жігіт келіп, көремін деп ұялы телефонын алған. Бермей, ұрған ғой, – деді марқұмның жары Шынар Дәулетқызы.
Қаскөйдің қолынан қаза болды деген Қайнардың қара шаңырағы қаңырап тұр. Қора қопсысын қалаберді осы үйдің қара жұмысын арқалаған азаматтың артында анасы мен жары қалды. Марқұмның анасының айтуынша, 6 күн бойы ауруханада жатқан ұлына дер кезінде дұрыс ем жасалғанда тірі қалар еді. Ол «Басындағы ұйыған қанды о баста алып тастауға болатын еді ғой» деп қынжылады марқұмның анасы.
— Талғардың дәрігерлеріне айтар шағымым бар. Баламды дұрыс қарамады. Есіктің алдындағы итіңді де сылап-сипайсыңдар ғой, сонда балам ит құрлы болмады ма? Әбден бес-алты күн болғаннан кейін өзге дәрігерге жіберген, – деді марқұмның анасы Пәтігүл Мұзартбекқызы.
Асыраушысынан айрылған ананың арызын естіген ақ халаттылар 6 күнде жағдайы қанағаттанарлық болған соң, облыстық ауруханаға жөнелтуді жөн санадық деген жауап берді.
— Келген кезде жағдайы орташа ауыр болды. Сол жақ бет сүйектерінің сынуы диагнозымен жатқызылған. 14 маусымнан 20 маусымға дейін 6 күн осында травмотологияда жатып, жағдайы қанағаттанарлық болғасын келісіліп, Облыстық ауруханада ота жасауға ауыстырылған, – деді Талғар аудандық орталық ауруханасы бас дәрігерінің емдеу ісі бойынша орынбасары Бақыт Жәмеков.
Бақыт Жәмековтың айтуынша, Талғардағы ауруханада ота жасауға себеп болмаған.
— Ота жасауға сол кезде көрсеткіш болған жоқ. Біріншіден, мен ондай ешқандай пікір бере алмаймын. Оны бізге беретін құзырлы органдар бар, сот медициналық экспертиза бар, – деді Талғар аудандық орталық ауруханасы бас дәрігерінің емдеу ісі бойынша орынбасары Бақыт Жәмеков.
Ал ауыр соққыға жығып өлтірді деп күдікке ілінген Жамбыл облысының 28 жастағы азаматы қамауға алынды. Алматы облыстық полиция департаментінің дерегінше, ол жедел іздестіру жұмыстарының нәтижесінде ұсталған. Марқұмның отбасы құзырлы органдар істі әділ тергесе екен дейді.
Жаңалықтар
- Тоқаев Құрылтайдың тұңғыш сессиясын өткізуге қол қойды
- Ат байлаған арқанға ілініп қаза тапқан қызға қатысты оқиғаның жай-жапсары белгілі болды
- Пашинян: «ҰҚШҰ бітімгерлері Арменияға кірмейді»
- Оралда «тентек кәде» сұраған «әртістің» тісі үгітіліп, қабырғасы сынды
- Жатақханаға 100 мың теңге өтемақы кімдерге беріледі?
- Алматы облысында екі баланың анасы көлік қағып қаза тапты
- Отандық баскетболға 100 жыл: Тоқаев FIBA президентін қабылдады
- Бірі қабірде, бірі мүгедек: Екі адамды қаққан 21 жастағы жүргізушіге апелляция сот шешімі қандай?
- Алматыдағы электр өшуіне Канье Уэсттің қатысы жоқ – Энергетика министрлігі
- Атырау МӨЗ-де өрт шықты
- Арменияда экс-президент Роберт Кочарян мен оның ұлы ұсталды
- ОСК қорытындысы: Ең көп мандатты «Әділет» партиясы иеленді
- Башар Асад режимінің бұрынғы мүфтиі өмір бойына бас бостандығынан айырылды
- Қазақстанда көмір тапшылығы болмауы үшін үкімет ЖИ-ге жүгінеді
- «Сұңқар» трамплиндері ісі: Алматы соты Ерлан Сариевті ақтады
- «Қалқаман» метро станциясы қашан ашылатыны белгілі болды
- Шымкентте спорт шеберін азаптап өлтірді деген алты адамның соты басталды
- Ұлттық экономика министрі 2029 жылға дейін болжам жасады
- Атырау облысында ер адам жүкті әйелін аяусыз соққыға жыққан
- ШҚО-да 13 жастағы қыз байлаулы аттың арқанына соғылып, қаза тапты