Алтын Ордадағы жол жұмыстары қашан бітеді?
kolesa.kz
Қарасай ауданы тұрғындарының бас ауруы – «Алматы-Бішкек» трассасының жөндеу-құрылыс жұмыстары қашан аяқталатындығы. «Алтын Орда» көлік-жол айрығының құрылысы 2017 жылда басталған. Жыл сайын құзыретті орган өкілдерінің айтатыны бір: «Осы жылдың соңына дейін жол жұмыстары бітеді».
Бастапқы жоспар бойынша, жоба 2019 жылы аяқталу керек болған. Бірақ, белгілі жағдайларға байланысты жұмыстар аяқсыз қалды.
2019 жылы Қарасай ауданының әкімі Жандарбек Далабаевтің Liter газетіне берген сұхбатынан үзінді.
«Алтын Орда базарына барар жолда қала маңын кеңейтуге бағытталған жол жұмыстары жүргізілуде. Жобаның құны 9,1 миллиард теңге. Биыл 5,5 миллиардты игеру жоспарланып отыр. Бізге көптеген тұрғындар бұл мәселе бойынша шағымдануда. Білуімше, үш жанармай бекетін сатып алу мәселесіне байланысты жұмыстар тоқтатылды. Бүгінгі күнде сот процестері өтіп жатыр. Біз базардың айналасындағы ірі және шағын дүкендерді алып тастадық. Қазір «Алтын Орданы» жаңарту және қайта құру жұмыстары жүріп жатыр. Ауданымыздың жолдарын қайта жөндеуге келетін болсақ, біз жалпы сомасы 296,3 миллион теңгеге жөндеу жұмыстарын жүргіздік. Сондай-ақ, елді мекендер аумағындағы 15 көшеге жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жөнделген көшелердің жалпы ұзындығы 14,9 шақырым болады».
2020 жылы коронавирустық карантинге байланысты жұмысты толық жүргізілмеді. Ендігі мәселе - биыл жұмыстар аяқталып, жол қолданысқа беріле ме?
ORDA. редакциясының ресми сауалына «ҚазАвтоЖол «ҰК» құрылыс-монтаж жұмыстарын 2021 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланып отырғаның мәлімдеді.
«Алтын Орда маңайындағы жолайрықтағы құрылыс жұмыстары былтыр аяқталу керек болатын. Алайда, төтенше жағдайларға байланысты жұмыс жоспары қайта қаралды. Шешімге коронавирустық пандемия, сондай-ақ төтенше жағдай мен карантин әсер етті. Осыған байланысты құрылыс жобасын 2021 жылдың соңына дейін ұзарттық. Алтын Орда Алматы қаласы мен Алматы облысының шекарасында орналасқан. Сондықтан өткен жылы төтенше жағдай кезінде құрылыс алаңында бақылау бекеттері орнатылды. Адамдар қозғала алмады. Жазда, яғни құрылыс маусымында біз жұмыс істеуіміз керек еді. Бірақ жоғарыда айтылған мәселелерге байланысты бұл учаскеде жұмыс тоқтатылды. Тек жаздың соңында, қыркүйекке таман жұмыс жүргізуге мүмкіндік пайда болды».
Мекеме осы уақытқа дейін жүргізілген жұмыстары туралы да мәлімдеді.
«Соған қарамастан, біз Алтын Орданың асфальтін төсеп, өткелді ашып үлгердік. Сондай-ақ жарықтандыру орнатылды, 3 жаяу жүргіншілер өткелі іске қосылды. Алтын Орданың алдына сегіз жолақты жол салынды».
Алтын Орда маңайындағы кептелістерді «ҚазАвтоЖол» былай түсіндіреді.
«Бұрынғыдай кептелістер жоқ. Базар маңында кептеліс бар, бірақ бұны қатты кептеліс деп айтуға болмайды. Өйткені көліктер тұрмайды, баяу жүреді және өтеді».
Қандай жұмыстар жүргізілуде?
«Қазір ең ауқымды жұмыс қалды – ұзындығы 800 метр болатын басты эстакаданың және «таға» түріндегі өтпелі эстакаданың құрылысы. Ол жолдың үстінде болады. Қазір құрылысшылар эстакаданы нығайтумен және басқа жұмыс түрлерімен айналысуда».
«ҚазАвтоЖол» мекемесінің облыстық филиалы директорының орынбасары Қ. Ескендіровтің ORDA.-ға айтуынша:
«Құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан мердігер «Даулет-Жолқұрылыс» ЖШС. Құрылыс жұмыстарына 10,787 млрд. теңге бөлінді және де оның 6,6 млрд. теңгесі игерілді. Жол құрылыс жұмыстары осы жылы, яғни 2021 жылдың желтоқсан айында толығымен аяқталып, қолданысқа беріледі деп жоспарлануда».
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық