«Алтын Орда» базарының алданған саудагерлері жаңа сауда орындарын алады

Алтын Орда базарының кәсіпкерлері жаңадан соғылатын павильон құрылысына миллиондаған қаржы салған, бірақ соңында ақша да, сауда орыны да бұйырмаған.
Ендігі кезекте мәселені шешу жаңа мердігер мен базарды басқаратын компанияның мойнында. Жауапкершіліктің қалай жүзеге асатынын Orda.kz анықтады.
2022 жылы 300-ден астам кәсіпкер Данияр Әлпиев иелігіндегі «Altyn Orda New Company» ЖШС-не жаңа павильон салуға ақша төлеген. Аталған компания сол уақыт аралығында әмбебап сауда кешенін жалға алып отырған. Кәсіпкерлерге заманауи сауда орындары мен қолайлы жұмыс ортасы уәде етілген. Құрылыс 2023 жылдың желтоқсан айында бітуі керек еді, бірақ ұйым өз міндетін орындамай, павильон құрылысын аяқтамайды. Ал, кәсіпкерлер сауда орнынсыз және ақшасыз қалады. Бүгінде кәсіпкерлердің біршамасы жұмыссыз қалған, бірақ таяу уақытта мәселе шешімін табуы мүмкін.
Павильонды кім салады?
Бүгін алданған кәсіпкерлер алдын ала төлем жасаған сауда орындарын алатыны белгілі болды. Базардың меншік иесі «Компания Номер Один» ЖШС директоры Александр Недогарконың айтуынша, уәде етілген павильонды «Прайм Строй XXI» ЖШС бітіретін болып шешілді.
«Біріншіден, біз құрылыс алаңына толығымен ден қойып, жұмыс жоспарын жасаймыз. Көрсетілген аудит жұмыстарын жүргізгеннен кейін біз құрылыстың нақты мерзімін белгілейміз. Бұрынғы мердігердің жауапсыздығынан қиындықтарға тап болғанынын түсінеміз, көбісі несие алуға мәжбүр болды, енді жұмыс істей алмай отыр. Сондықтан құрылыс сапасына нұқсан келтірмей, мерзімін барынша қысқартамыз» дейді «Прайм Строй XXI» ЖШС өкілі Нұрлан Ақмурзин.

Екі рет төлеудің қажеті жоқ
Кәсіпкерлер осыдан бір жыл бұрын бір компания павильондарына ақша төлегенімен, жобаны басқа компания жүзеге асырып, қаржыны қайтадан төлеуге тура келетініне алаңдаушылық білдірді. Недогарко жәбірленуші деп танылғандар нысанды салу үшін қайтадан ақша төлемейтінін, басқарушы компания мен жаңа мердігер бұл шығындарды өтейтінін атап өтті. 2022 жылы тек аванстық төлем жасағандар үшін қалған қаражат қалдығы ескі бағамен есептелетін болды.
«Осы уақыт аралығында құрылыс материалдарының құны шарықтады, десе де біз бағаны көтермейміз. Жеңілдіктерге келер болсақ, біз бұл мәселені қарастыруға дайынбыз, бірақ қандай жағдай болса да бағаның көтерілмейтінін жариялап жатырмыз. Басқарушы компания болған соң павильонды салдырып, бағаны белгіленген межеде ұстап тұруға міндеттенеміз»,- деді Недогарко.
Павильон дайын болған соң кәсіпкерлерге ұзақ мерзімге жалға беріледі. Олар меншік иесі болмайды, бірақ мүлікті басқара алады.
Жоғалған пайда, несиелер мен пайыздар бойынша шығындар, өсімпұлдар және басқа да шығындарға келетін болсақ, кәсіпкерлер оларды бұрынғы мердігер мен «Altyn Orda New Company» ЖШС-нен талап етуге тиіс.
Шілде айынан бастап «Алтын Орда» базарын «Big City Market» компаниясы басқарып келеді. Оның директоры Данияр Дүзбаев осы уақыт ішінде аумақтағы инфрақұрылым қайта жаңғыртылып, павильондар маңындағы стихиялық сауда реттеліп, өртке қарсы қызмет іске қосылғанын атап өтті. Ол кәсіпкерлер мәселесін шешуде қиындық болмайтынын нық сеніммен жеткізді.
Жаңалықтар
- Министр: Тұрғын үй бағасының зейнетақы жинағына қатысы жоқ
- Әскерде зорландым деп ақша жинаған адам сотталды
- Енді темекі шегетіндер өкпе обырына тегін тексеріле алады
- Тамыздан бастап Қазақстанда не өзгереді: Жүргізуші куәлігі, жаңа сайлау
- Махамбет Өтемісов атындағы университеттің ректоры ұсталды деген ақпарат тарады
- Дастан Сәтпаев «Челси» сапында дебют жасады
- 31 жастағы ер адам 74 жастағы әйелді пышақтап өлтірді
- Астанада өз бетінше автобус жуып жүрген жігіттің әрекеті мемге айналды
- Нұрай Серікбайдың ісі: Сот алқабилерсіз өтуі мүмкін, жәбірленуші тарап тікелей эфир талап етті
- Жаңа талап: Жүргізуші куәлігін жарамсыз етуге қандай негіз бар?
- Қорапқа салып берді: Жаңа туған үшем Алматы облысындағы ауруханада шетінеп кетті
- Қазақстан қорықтарында 19 орман өрті тұтанды
- Трамп Канададан келетін тауарларға 50 пайыздық баж салығын енгізді
- Тоқаев Испания құрамасын футболдан әлем біріншілігіндегі жарқын жеңісімен құттықтады
- ӘЧ-2026: Испандар жеңісі үшін гауһар тасты 30 алтын жүзік алады
- Павлодар облысында құдыққа түскен алты адам қаза тапты: Марқұмдардың ең жасы 16 жаста
- Әлем чемпионаты – 2026: Турнирдің үздіктері анықталды
- Месси мен Роналду дәуірі аяқталды: 2026 жылғы әлем чемпионаты несімен есте қалды?
- Ескертуге қарамастан КҚК теңіз терминалындағы мұнай танкеріне тағы шабуыл жасалды
- Венесуэладағы жер сілкінісі құрбандарының саны бес мыңнан асты