«Алтын Орда» базарында ер адамды екі мың теңгеге сатқан
Қазақстанда тағы бір адам саудасы тіркелді. «Алтын Орда» базарында екі мың теңгеге сатылған 40 жастағы азамат анықталды. Астана телеарнасы базарда сатылған азаматтың жақындарымен тілдескен.
Әсияның ағасы Тараздағы базарлардың бірінде етікші болып, нан тапқан. Табысы мардымсыз болғандықтан, Алматыға жол тартыпты. «Алтын Орда» базарында 40 жастағы ер адамды әлдекім екі мың теңгеге сатып алған дейді.
– Бір көлік келіпті, киімдерін, құжаттарын алуға. Сосын ағам әпкемізге айтыпты, мені жібермеші, алдап-сулап алып келдім мыналарды киімдерімді аламын деп. Сөйтсе алып келгендер айтыпты, біз бұны екі мың теңгеге сатып алғанбыз деп. Сонда «Алтын Орда» базарда есту-сөйлеу қабілеті кем адамдарды сатады екен. Алматыда бір фирмада ұстап отырған екен, ұрады, тепкілейді, - дейді қарындасы Әсия.
ҚР ІІМ криминальдық полиция департаменті бастығының орынбасары Қанат Нұрмағамбетовтің айтуынша, басқа қалаға сапар шекпес бұрын құжаттардың көшірмесін туыстарға қалдырып кеткен жөн.
– Ешкімге жеке құжаттарыңызды бермеңіздер, жұмыс түрін анықтап алыңыздар. Басқа қалаға немесе елге шықпас бұрын құжаттарыңыздың көшірмесін қалдырып кетіңіздер және мекен-жайыңызды жақындарыңызға айтып қойыңыз, - деді ол.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық