Алтын контрабандасына күдікті Қазақстанға Әзірбайжаннан жеткізілді
Алтын контрабандасына күдікті Түркия азаматы Қазақстанға Әзірбайжаннан жеткізілді.
Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.
«Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Қазақстан Сыртқы істер министрлігі көмегімен трансұлттық ұйымдасқан топ әрекетіне қатысқан Түркия азаматын қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Әзірбайжаннан экстрадициялады. Ол ұйымдасқан топ құрамында 2020 жылдың шілде-тамыз айлары аралығында Қазақстаннан 24 келіден астам алтынды заңсыз алып өтуге қатысты деген күдікке ілінді. Осы әрекеті салдарынан мемлекетке 633 миллион теңгеден астам шығын келтірілді.Қылмыс жасағаннан кейін қатысушылар тергеуден қашып, халықаралық іздеуге жарияланды» делінген хабарламада.
2023 жылдың шілдесінде күдікті Әзірбайжан аумағында ұсталды.
«Қазір ол Астанадағы тергеу изоляторына қамалды. Қылмыс жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, сегіз жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген. Айта кетейік, 2022 жылдың маусым айында Астана қалалық сотының үкімімен осы трансұлттық ұйымдасқан топтың қызметіне қатысы бар 14 тұлға әртүрлі жаза түрлеріне кесіліп, мемлекет пайдасына 5 миллиард теңгеге жуық қаржы өндірілді» деп хабарлады Бас прокуратура.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық