«Алтын Емел» ұлттық паркінде Қызыл кітапқа енген сирек кездесетін дала қырандары балапан шығарды
Фото: «Алтын Емел» ұлттық паркі
Адам көзінен таса өмір сүретін қырандардың ұясы Басшы орманшылығы аумағында табылды. Дала қыраны Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген және сирек кездесетін әрі қорғалатын құс түріне жатады, деп хабарлайды Orda.kz.
Ұлттық парк өкілдері айтып өткендей, дала қыраны әдетте далада, жартылай шөлде немесе жазықта ұя салады. Бұл құстар өз ұяларын кейде жерге, кейде биік бұталарға немесе тастарға салады, бұтақпен, шөппен немесе жануарлардың жүнімен тоқиды.
«Аналығы әдетте бір немесе үшке дейін жұмыртқа салады. Оны 43-45 күнде басып шығарады. Аналық құс балапанын басып отырғанда жұмыртқадан балапан шыққанға дейін аталығы оған қорек тасиды. Балапандар бір мезгілде емес, бірінен соң бірі шығады. Бірінші шыққан балапан әдетте күштірек болады, ал кейін шыққан әлсіз балапан кейде аман қалмауы мүмкін», - деп түсіндірді «Алтын Емел» ұлттық паркінің мамандары.
Балапандар қауырсындары жетіліп, қанаты қатайып 45-55 күннен кейін ұядан ұшуға дайын болады. Осы уақыт ішінде ата-аналар оларға қорегі тасып, асырайды (ұсақ сүтқоректілер, құстар). Балапандар ұядан ұшқаннан кейін де бірнеше апта бойы ата-аналарына тәуелді болады.
Еске салсақ, былтыр Түркістан тұрғыны арыстан мен жыртқыш құстарды асырап, істі болған еді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық