«Алтын белгі» төсбелгісін алу қиындады: емтихан жұмысын комиссия тексереді
Фото: Айнура Дарибаева
«Алтын белгі» төсбелгісі үміткерлерін тексеру ережелері қатаңдатылды. Енді түлектердің емтихан жұмыстарын білім басқармалары жанындағы комиссиялар қарайды.
Бұл туралы Orda.kz Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.
Жаңа ережеге сай, мектептер оқу озаттарының тізімін бұрынғыдай өздері жасамайды.
Білім басқармалары жанындағы комиссия үміткерлердің емтихан жұмыстарын тексеріп, нәтижелерін мектептерге жібереді. Артынан мектеп директорының бұйрығымен төсбелгі иегерлерінің тізімі бекітілетін болады.
– Бұрын мектеп пен білім бөлімдері үміткерлердің жұмысын өздері тексеріп, «Алтын белгіні» тапсыру туралы шешім қабылдайтын. Ал, қазір, кеңестік кезеңдегідей, емтихан жұмыстарын облыстық немесе Республикалық маңызы бар қаланың білім басқармасы жанындағы комиссия тексереді. Комиссия құрамына білікті, тәжірибелі пән мұғалімдері кіреді. Осыдан кейін ғана мектеп үздік оқушылардың тізімін бекітеді, - деді ҚР БҒМ мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрайымы Майра Мелдебекова.
2021 жылы мемлекеттік бітіру емтихандары 1-10 маусым аралығында өтеді. Жұмыстардың қорытындысы 12 маусымға дейін шығып, «Алтын белгі» иегерлерінің тізімі директор бұйрығымен бекітіледі.
Айта кетсек, 2020-2021 оқу жылында 3,4 млн астам оқушы мектептерде білім алды, 150 мыңға жуық түлек бар, оның ішінде «Алтын белгіге» 9 822 оқушы үміткер болып отыр.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық