Алты сағат кешіккен Алматы-Орал пойызының жолаушылары өтемақы алады
Сурет: Orda.kz.
«Жолаушылар тасымалы» компаниясы жылуы жоқ пойызда бірнеше сағат отырған №51 «Алматы-2-Орал» пойызының жолаушыларынан кешірім сұрады, деп хабарлайды Orda.kz.
«2023 жылғы 8 желтоқсанда сағат 20:35-те Тобыл станциясында №51 пойыз техникалық себептермен тоқтатылды, ақау жойылғаннан кейін 2023 жылғы 9 желтоқсанда сағат 02:13-те Тобыл станциясынан пойыз жөнелтілді. Олар Орал вокзалына алты сағат кешігіп келді» деп хабарлады Жолаушылар тасымалы.
Компанияның мәліметінше, жолаушылар тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілген. Компания келтірілген қолайсыздық үшін жолаушылардан кешірім сұрады. Баспасөз қызметі сонымен қатар билет ақысын қайтару және өтемақы төлеу ережелерін еске салды:
— Пойызбен жүруден бас тартқандарға жол ақысы толығымен қайтарылады;
— Маршрут бойынша сапар жолай үзілсе, жүрмеген қашықтыққа жол жүру ақысы төленеді;
— Әрбір кешіктірілген толық сағат үшін жолаушыларға 3 пайыз көлемінде өтемақы төленеді, бірақ ол жол жүру құнынан аспайды. Өтемақыны «Жолаушылар тасымалы» компаниясы кассаларынан алуға болады.
Анықтама туралы ақпаратты 1433 тегін нөміріне және KTZH_PP_BOT телеграмм ботына қоңырау шалу арқылы алуға болады.
Бұған дейін Orda.kz редакциясына оқырмандар хабарласқан болатын. Айтуларынша, олар төрт сағат бойы жылусыз вагондарда тоңып жатқан. Алматы-Орал пойызы Қостанай облысындағы Тобыл стансасында тұрып қалды. Жолаушылардың айтуынша, оған дизельдік генератордағы ақау себеп болған.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық