Алты араб монархиясы Иранға ұжымдық қауіпсіздік аясында жауап беретінін мәлімдеді
Фото: Иран БАҚ-тары
Парсы шығанағындағы алты араб монархиясы Иранға ұжымдық қауіпсіздік аясында жауап беретінін мәлімдеді. Ал Германия, Франция және Ұлыбритания Тегеран соққыларын тоқтатпаса, әскери шаралар қабылдауы мүмкін екенін ескертті, деп хабарлайды Orda.kz.
Парсы шығанағы араб мемлекеттері ынтымақтастық кеңесі (GCC) құрамына кіретін алты мемлекет — Сауд Арабиясы, Кувейт, Бахрейн, Катар, Оман және Біріккен Араб Әмірліктері — сыртқы істер министрлері деңгейінде шұғыл онлайн-отырыс өткізді.
Кездесу қорытындысы бойынша жарияланған мәлімдемеде аймақ елдері Иран шабуылдарына жауап ретінде барлық қажетті шараларды қабылдауға дайын екендерін білдірді.
«Парсы шығанағы елдері өз егемендігін, қауіпсіздігін және тұрақтылығын сақтау үшін Иранның шабуылдарына жауап ретінде барлық қажетті шараларды қабылдауға дайын», деп жазылған құжатта.
Сонымен қатар, Германия, Франция және Ұлыбритания басшылары Иран Таяу Шығыстағы олардың одақтастарына соққы жасауды жалғастырса, әскери шаралар қолдануы мүмкін екенін мәлімдеді.
Бірлескен мәлімдемеге Франция президенті Эмманюэль Макрон, Германия канцлері Фридрих Мерц және Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармер қол қойған. Құжатта Иранның «талғамсыз және шамадан тыс зымыран шабуылдарына» алаңдаушылық білдірілген. Атап айтқанда, соққылар АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы операциясына қатыспаған елдерге де жасалғаны айтылған.
«Біз Иранды бұл жауапсыз шабуылдарды дереу тоқтатуға шақырамыз. Біз аймақтағы өз мүдделерімізді және одақтастарымыздың мүдделерін қорғау үшін қажетті қадамдарды жасаймыз. Қажет болған жағдайда, Иранның зымырандар мен ұшқышсыз аппараттарды ұшыру мүмкіндігін жою үшін тиісті әрі шамалас қорғаныс шараларын жүзеге асырамыз» деп жазылған мәлімдемеде.
Сонымен қатар Еуропа елдері бұл мәселе бойынша АҚШ және Таяу Шығыстағы серіктестерімен келісімге келгенін хабарлады.
Еске сала кетейік, АҚШ президенті Дональд Трамп Иранға қарсы әскери операция шамамен төрт аптаға жоспарланғанын мәлімдеді.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық