Алтай Көлгінов LRT құрылысын аяқтау жоспарда бар екенін айтты
Жемқорлық фактісі тіркелген LRT құрылысы туралы бүгін елордада сөз қозғалды. Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов құрылысты жалғастыруға банктердің бірі келісім бергенін айтты.
Бұл туралы Orda.kz хабарлайды.
Елорда мәслихатының кезектен тыс сессиясында LRT құрылысы мәселесі көтеріліп, аяқталмай қалған нысандардың қала мен әуежайға баратын жолдың көркін бұзып тұрғаны айтылды.
– LRT мәселесі біраздан бері талқыланып келеді. Оның проблемасы қайдан пайда болды? Біріншіден, екінші деңгейлі банк банкротқа ұшыраған кезде сол жерде қаражат бұғатталып қалды. Екіншіден, осы мәселеде заң бұзушылық болды. Үшіншіден, қазір ең негізгі мәселе – ол қаржыландыру. Бұл жобаға қомақты қаражат керек. Осыған дейін біршама жұмыстар атқарылғанын білесіздер, орнатылған инженерлік құрылыстар қаланың сәнін келтірмей тұрғаны рас. Бірақ басталған жұмыс аяқталуы керек, - дейді қала әкімі Көлгінов.
Алтай Көлгіновтың ақпараттарына сәйкес, қала әкмідігі бір жылдан астам уақыт бойы банктермен талқылау жұмыстарын жүргізген. Банктер тиісінше бұл жобаны мақұлдағысы келмеген.
– Бұл жобаны іске асыруға банктер қосылуға қауқарсыз болып тұр. Сондықтан министрлікпен бірге конкурс жарияладық. Қазіргі кезде тиісті банк өзінің келісімін беріп жатыр, оны алдағы уақытта қосымша хабарлаймыз. Яғни олар келісімшартқа қол қойғаннан кейін айтамыз. Жоспар – жобаны аяқтау. Қазір әуежай жақта бір шақырымнан астам балкалар орнатылды, - деді ол.
Біраз уақыт бұрын Алтай Көлгінов осы нысанның қазіргі құрылыс жұмысына бір миллиард керек екенін айтқан болатын.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық