Қалтаева Қазақстан халқына адал қызмет етуге ант берді
Депутат Ләззат Қалтаева Қазақстан халқына ант берді.
- Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының тұтастығы мен тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарына қатаң бағынуға, депутаттың өзіме жүктелген мәртебелі міндетін адал атқаруға ант етемін, - деді ол.
Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Ләззат Қалтаеваны құттықтап, депутаттық қызметіне табыс тіледі.
- Тәуелсіз еліміздің тарихында тұңғыш рет мүмкіндігі шектеулі Парламент депутаты. Жалпы, мемлекет басшысы осы санаттағы азаматтарды саяси өмірге белсенді түрде тартуға көп көңіл бөледі. Мұндай қадам мүгедек адамдардың елдің саяси және қоғамдық өміріндегі белсенділігін арттыруға одан әрі ықпал етеді деп үміттенеміз. Ләззат Молдабекқызы, біз сізді сенатор болып тағайындалуымен құттықтаймыз, депутаттық қызметіңе табыс тілейміз, - деді Мәулен Әшімбаев.
Әшімбаев Ләззат Молдабекқызының белсенді қоғам қайраткері ретінде танымал екенін айтты. Бұрын Алматыда «Шырақ» мүгедектігі бар әйелдер қауымдастығының төрағасы, сондай-ақ қалалық мәслихаттың депутаты болған.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық