Алтаевқа қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталды – Антикор

cover Фото: ашық дереккөз

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет алаяқтық және пара беруге итермелеу фактісі бойынша К. Алтаевқа қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.

Антикор дерегінше, Алтаев кәсіпкерді аса ірі мөлшерде пара беруге итермелеп, Қарағанды облысындағы кен орнына жер қойнауын пайдалану келісімшартын ұзарту үшін лауазымды тұлғаларға беру сылтауымен алдау жолымен 1 млн АҚШ доллары сомасындағы ақшалай қаражатын жымқыруға әрекет жасады деп айыпталуда.

Айыпталушы К. Алтаевтың ісі  сотқа берілді. Айта кетейік, ылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар