Алматының жыр болған лас ауасы Джо Роганның подкастында айтылды
Фото: Stefan64 / Wikimedia Commons, CC BY-SA 3.0
2022 жылы Алматыда рапидтан әлем чемпионатында жеңіске жеткен атақты норвегиялық шахматшы Магнус Карлсен Алматы қаласының лас ауасын сынға алды, деп хабарлайды Orda.kz.
20 ақпанда Карлсен америкалық актер Джо Роганның подкастының қонағы болды. Әңгіме шахматшының шаңғы тебуінен кейін киім ауыстыруды ұмытып кеткен қызықты оқиғасына ауысып, бір сәтте норвегиялық спортшы Алматы сапарын еске алды.
«Шахматтан әлем чемпионаты күтпеген жерлерде өткізіледі. Бұл жолы ол Қазақстанның Алматы қаласында өтті. Ол қыстың өзінде ауасы тазармайтын, аса жағымды дей қоймайтын қала», – деді Магнус Карлсен.
Шахматшы Алматының қысы мен ауасы жақпаса да таулары оны қатты таңғалдырғанын айтты
«Қаладан небәрі жарты сағаттық жолда – Альпі сияқты үш жарым шақырымға көтерілетін керемет таулар бар. Бұл нағыз фантастика. Яғни, қаладан бір сағаттық жерде – сіз тау шыңындасыз және керемет шаңғы демалысын тамашалай аласыз», - деді Карлсен.
Шахматшы Алматыда болған кезінде лас ауаның оның жағдайына әсер еткенін мойындады. Бұл оның ойынына да белгілі бір дәрежеде ықпал еткен.
«Маған қалада, төменде болу соншалықты жайсыз болды, сондықтан мен бүгін бар күшімді саламын, өйткені маған таза ауа керек, маған бұл жерден шығу керек деп ойладым. Сол үшін тәуекелге бардым», – деді гроссмейстер.
Магнус Карлсен Алматыға 2022 жылдың соңында келіп, рапид бойынша әлем чемпионатында жеңіске жеткен. Турнир барысында норвегиялық шахматшы сегіз партияда жеңіске жетіп, бір рет жеңіліп, төрт ойынды тең аяқтаған.
Өткен жылдың желтоқсанында Алматыны швейцариялық IQAir компаниясы жасаған «Әлемнің ең лас мегаполистері» онлайн-рейтингіне енгізген.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық