Алматының екі тұрғыны жер сілкінісі туралы жалған ақпарат таратқаны үшін айыппұл төлейді
Жалған ақпарат таратқан 18 және 29 жастағы екі әйел адам анықталып, олардың әрқайсы 36 920 теңге айыппұл төлейтін болды, деп хабарлайды Orda.kz.
Қалалық прокуратура Алматыда болған жер сілкінісі кезінде тараған жалған ақпарат азаматтар арасында үрей тудырып, қоғамдағы үлкен наразылыққа себеп болғанын атап өтті.
«Аталған тұлғалар Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 456-2-бабының 3-бөлігі «Онлайн платформаларды пайдаланушылардың жалған ақпарат жариялауы, таратуы, қоғамдық тәртіпті бұзуға жағдай жасауы» бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оларға 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды» деп хабарлады қалалық прокуратура.
Бұған дейін полиция Алматыда жалған ақпарат таратқандар табылғанын хабарлаған болатын.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық