Алматының бұрынғы бас сәулетшісі 11 жылға сотталды
Фото: Sputnik Қазақстан
Алматының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қаланың бұрынғы бас сәулетшісі Алмасхан Ахметжанов пен жер қатынастары басқармасының экс-басшысы Ардақ Самамбетовке қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Orda.kz.
Сот Ахмеджановты ҚР Қылмыстық кодексінің 28-бабының 5-бөлігі, 190-бабының 4-бөлігі, 361-бабының 1 және 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, 11 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сонымен қатар, оның мүлкі тәркіленіп, мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан өмір бойына айырылды. Самамбетов 10 жылға сотталды.
Тергеу мәліметтері бойынша, Ахмеджанов пен Самамбетов Алматының тау бөктеріндегі аудандарында ірі тұрғын үй кешендерін салуға рұқсат берген, бұл жер учаскелерінің кадастрлық құнын айналып өтуге мүмкіндік берген. Сондай-ақ, оларға инвестициялық жобалар үшін мемлекеттен жер бөлді деген айып тағылды, кейін бұл учаскелер жеке меншікке өтіп кеткен. Айыптау тарапының мәлімдеуінше, Ахмеджанов бұл әрекеттері үшін жақын туыстарына бірнеше пәтер алған.
Ахметжанов ісіндегі басқа сотталғандар кімдер?
- Мұханбетәлі Шалқарбеков — «Ақ жол» партиясының Жамбыл филиалының басшысы. Ол алаяқтыққа көмектескені үшін 5 жыл шартты жаза алды.
- Ерлан Жармұханбетов — Алматының жер қатынастары бөлімінің экс-басшысы. 14 жылға сотталды. Айыптаушылардың нұсқасына сүйенсек, 2022 жылы ол «BAB Assessment» бағалаушысы Алмазхан Бакиров дайындаған жер телімінің құнын 93 млн теңгеге артық бағалап бекіткен.
- Алмазхан Бакиров — жоғарыда аталған бағалаушы. Оның әрекеті 8 жылға бас бостандығынан айырумен аяқталды.
- Берік Өскембаев — кәсіпкер. Жер учаскесіне қатысты алаяқтыққа көмектескені үшін 5 жыл шартты жаза тағайындалды.
Бұл істің тергеуі 2023 жылдың маусымында Алматыдағы тау бөктеріндегі құрылыстардағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау нәтижесінде басталды. Ахметжанов Антикор қызметімен ұсталғанға дейін Алматының бас сәулетші қызметінен кеткен еді.
Жаңалықтар
- Алматының әл-Фараби даңғылында көлік жарысы тоқтар емес
- Украина Ресейдің мұнай инфрақұрылымына ауқымды соққы жасады
- Сот Қашаған операторларының ірі көлемдегі айыппұлға қатысты апелляциясын қанағаттандырмады
- Иран Ормуз бұғазының қайта жабылғанын мәлімдеді
- Шымкентте ЖОО-ның 320 миллионын жымқырған сегіз адам сотталды
- Алаяқтар қасиетті сапарға да қол сұғып, 17 қажының ақшасын қалтаға басқан
- «Әскер барысы – 2026» турнирінің жеңімпазы анықталды
- Жолда қарсы келе жатқан екі жүк көлігінің арасынан саспай өткен ақтөбелік ғаламтор жұлдызына айналды
- Дропперлер қылмыстық жауапкершілікке тартылады
- Қазақстанда энергетикалық қауіпсіздік күшейтіліп, кемінде үш АЭС салынады
- Баян Алагөзова: «Қыз Жібектің» қамзолы 50 жыл ешкімге керек болмады
- Тоқаев Анталиядағы дипломатиялық форумда не айтты?
- Ормуз ашылды, бірақ қысым сақталады: Иран, Трамп және мұнай нарығы қалай өзгерді?
- Тоқаев БҰҰ-ды реформалау мәселесіне жауапкершілікпен қарау керегін айтты
- Министрлік Баян Алагөзованың «Қыз Жібек» фильміндегі киімге қатысты жариялаған жазбасына пікір білдірді
- АҚШ Сириядан өз әскерін толық шығарды
- Ақтөбе облысында 2 апта бұрын жоғалған 10 жастағы баланың денесі табылды
- Алматыда екі автобус соқтығысты, жарақат алғандар бар
- Әділет Алмат Азия чемпионы атанып, 4 жыл үзілістен кейін елге дзюдодан алтын әкелді
- Ливан Израиль бітімді бұзғанын мәлімдеді