Алматының бұрынғы әкімінің ұлы Ирландия азаматы болып шықты
Фото: viktorkhrapunov.com
«Выход к морю» Telegram-арнасында Алматының бұрынғы әкімі Виктор Храпуновтың кенже ұлы Даниэль Храпуновтың Ирландия азаматтығын алғаны туралы ақпарат пайда болды, деп хабарлайды Orda.kz.
Швейцарияның Бірыңғай коммерциялық тізіміндегі деректерге қарасақ, Даниэль Храпунов Женевада тіркелген Litigation Partners SA компаниясының директоры және жалғыз әкімшісі. Құжатта оның «Ирландия азаматы» екені және Женева кантонының Мейнье коммунасында тұратыны көрсетілген.

Компания үшінші тұлғалардың сот істерін қаржыландырумен, қаржылық консалтингпен, сондай-ақ қарыздарды сатып алу, өндіріп алу және сатумен айналысады. Сонымен қатар, компанияға Швейцарияда да, одан тыс жерлерде де инвестициялық жобаларға қатысуға, қарыздар мен кепілдіктер беруге рұқсат етілген.
Бұдан бөлек, кіші Храпунов Лозаннада тіркелген Hookah Factory Sàrl компаниясының серіктесі ретінде де көрсетілген. Ал компаниялар мен жеке тұлғалар туралы бизнес-ақпарат жинайтын швейцариялық Moneyhouse жүйесі оның азаматтығын «ирландиялық» деп көрсеткен.
Ұлыбританияның Тіркеу палатасының мәліметтері бойынша, Даниэль Храпунов Baldr Group LTD компаниясының акционері саналады. Бұл фирманың директоры — Мадияр Әбіләзов. Ол қуғындағы банкир Мұхтар Әбіләзовтің 33 жастағы ұлы. Реестрде Мадиярдың азаматтығы – британдық, ал тұрғылықты елі ретінде Литва көрсетілген.
Baldr Group металл бұйымдарын, сантехникалық және жылыту жабдықтары мен керек-жарақтарының көтерме саудасымен айналысады.
Британдық The Guardian басылымы 2017 жылы Мадияр Әбіләзов Ұлыбританияда инвесторлық виза мен тұруға рұқсатты 2013 жылы алғанын хабарлады. Басылымның мәліметінше, оның әкесі Швейцария банкінде миллионнан астам фунт стерлингті өз атына аударған. 2019 жылы Мұхтар Әбіләзовтің ұлы «алтын виза» деп аталған дау болған тізімге енгендердің қатарында болды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық