Алматының баланы тұншықтырған «Ахляк» балабақшасынан ата-аналар балаларын жаппай алып кетуде
Фото: бейнеден кадр
Алматының «Ахляк» балабақшасында тәрбиешінің баланы тұншықтырғаны бейнебақылау камерасына түсіп қалған, деп хабарлайды Orda.kz.
Алматы қаласының «Ахляк»балабақшасының бейнебақылауына тәрбиеші төрт жасар баланы тұншықтырып, ұрып-соғып, жан-жаққа жұлқылап жатқаны жазылып қалған. Бөлмеде тағы екі қызметкер болған, бірақ олар араласпай, өз істерімен айналыса берген.
Баланың анасы Бану Төлеуішеваның хабарлауынша, баланы бір апта бұрын ғана «Ахляк» балабақшасына ауыстырған. Балабақшаға барып бейнебақылау камералын көреміз дегенде, қызметкерлері камералар істемейді деп көрсетуден жалтарған.
«12.02.25 балам “мама, апай мені ұрды, жұлқылады” деп қолымен қалай болғанын көрсетіп айтты, бірақ мен мән бермедім. Келесі күні “мама, мені апай тұншықтырды” деп айтқаннан кейін ғана әкесі екеуміз балабақшаға бардық, не болғанын сұрап, камераны көрсетуді талап еттік, басында камера істемейді деп ұзақ көрсетпеуге тырысты, полиция шақырамыз дегенде ғана қорыққандарынан камераны көрсетті. Видеода баламды 10 минут бойы қайта қайта тұншықтырып, мойнын қысып, аузы мен мұрынды жауып тұрғанын көрдік” деп жазды баланың анасы.
Бейнекамерадан екі күн ішінде екі түрлі апайдың ұрып, тұншықтырғаны белгілі болды.
«Ахляк» балабақшасы туралы не белгілі?
«Ахляк» араб тілінен «мораль», «этика» және «тәрбие» деп аударылады.
Бұл діни бағыттағы балабақшалардың Алматыда бірнеше филиалы бар. Олар жеке меншік болғандықтан, иелері өздері қалаған бағытта ашуға құқылы.



Болған оқиғаға пікір білдіріп, түсіндірудің орнына, балабақша өздерінің Instagram парақшаларын жауып тастады.
Сондай-ақ, «Ахляк» балабақшасы тәрбиешілерді оқытумен айналысады.
@Ahlyak_academy Instagram парақшасында «Балалармен үздіксіз жұмыстың нәтижесі», «Мамандығыңызға қайта ғашық боласыз» деп жазылған.

Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық