Алматының әкімі болып Дархан Сатыбалды тағайындалды
Фото: gov.kz
Дархан Сатыбалды Алматы қаласының әкімі болып тағайындалады, деп хабарлады дереккөз.
«Дархан Амангелдіұлы Сатыбалды Алматы қаласының әкімі болып тағайындалсын, ол бұрынғы қызметінен босатылсын» деп жазылған хабарламада.
Дархан Сатыбалды1974 жылы 26 наурызда Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. 1996 жылы С.Сейфуллин атындағы Ақмола ауыл шаруашылығы институтын, 2003 жылы Қазақ гуманитарлық заң академиясын бітірген.
Еңбек жолын Оңтүстік Қазақстан облысы Келес ауданының Келес кеңшары бөлімшесінің жұмысшысы ретінде бастаған.
1996-1999 жылдары түрлі мекемелерде аға экономист, бас бухгалтер болып еңбек еткен.
2000-2002 жылдары – Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қаржы бақылау комитетінің Мемлекеттік мекемелердегі бюджеттік рәсімдердің орындалуын бақылау басқармасында жетекші бақылаушы-ревизор, бас бақылаушы- ревизор;
2002-2006 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Қаржы-экономикалық бөлімі экономикалық талдау және бақылау секторының референті, консультанты, бас сарапшысы, Бюджеттік жоспарлау және қаржылық бақылау бөлімі мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастыру секторының меңгерушісі;
2006 жылдың тамыз айынан бастап Астана қаласы тұрғын үй департаментінің «Жылу» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны директорының міндетін атқарушы;
2007 жылы қаңтар-мамыр айлары аралығында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі комитеттің сот орындаушысы;
2007-2010 жылдары – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Бюджеттік департаменті директорының орынбасары, Ғылым комитеті төрағасының орынбасары;
2010 - 2011 жылдары – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінде департамент бастығы;
2011-2013 жылдары – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кеңсесі Әлеуметтік-экономикалық бөлімі меңгерушісінің орынбасары;
2013 -2015 жылдары – Шымкент қаласының әкімі;
2015-2017 жылдары – Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болып қызмет атқарған.
2018-2019 жылдары Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты ретінде заң шығару ісіне атсалысты.
2019-2022 жылдары – Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі;
2022-2025 жылдары – Түркістан облысының әкімі болып қызмет атқарды.
2025 жылы 6 қаңтар күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды.
I сыныпты Төтенше және Өкiлеттi Уәкiл дипломатиялық дәрежесі бар.
«Құрмет», «Парасат» ордендерімен, Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хатымен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.
Алматы қаласының әкімі ретінде Сатыбалды Ерболат Досаевты алмастырды. Досаев бұл қызметті 2022 жылдың қаңтарынан бері атқарып келді.
Тараған нұсқалардың біріне сәйкес, Ерболат Досаев премьер-министр лауазымында Олжас Бектеновтің орнын басуы мүмкін. Ал Бектенов күштік құрылымдарға қайта оралып, бас прокурор қызметіне тағайындалуы мүмкін. Өз кезегінде, қазіргі бас прокурор Берік Асылов Қауіпсіздік кеңесіне ауысады деген болжам бар. Мұндай сценарийдің қисынға келетіндігін Олжас Бектеновтің жақында Алматыға жасаған жұмыс сапары да дәлелдей түседі.
Ерболат Досаевтың иеленуі мүмкін басқа лауазымдарының қатарында Президент әкімшілігінің басшысы (немесе оның орынбасары), сондай-ақ вице-премьер қызметтері аталады. Оның мүлдем қызметсіз қалуы немесе мансабының төмендеуіне қатысты нұсқалар шындыққа жанаса қоймайды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық