Алматының жасыл желегі кесіліп жатыр, бұған Sulpak-тың қатысы бар ма?
Жақында Алматыдағы Sulpak супермаркетінің төңірегіне ағаштар егу акциясы өтті. Бұл ағаштар осының алдында ғана кесілген көпжылғы емендердің орнына отырғызылды. Қызылкітапқа енгізілген емендер бұл жерге бұдан 80 жыл бұрын егілген еді - дейді байырғы тұрғындар.
ORDA. журналистері акция шаралары өтіп жатқан жерде болып тұрғындар пікірін тыңдап қайтқан болатын.

Алматының кесілген жасыл желегінің орнын толықтыруға арналған қаржы қала бюджетінен алынды. Жаңа ағаштарды отырғызуға қаланың тұрғындары, экологтар мен белсенділер қатысты.

Наталья Ливинская , «Жасыл экономика» басқармасының басшысы

«Осы жердегі кесілген ағаштардың түбірлері алынып, бір жерге жинастырылып жатыр. Бірнешеуі тергеу жұмыстары үшін қалдырылды. Ағаштарды кесуге кімнің бұйрық бергенін құзырлы орындар тексеріп, анықтай жатар. Алайда Sulpak дүкендер жүйесі ағаштардың кесілуін мойнына алмай отырса да қала әкімдігі өз есебінен олқылықтың орнын толтырып жатыр. Қазір осы акция аясында 10 жасарлық (жыл), бойы 7 метрлік ағаштар отырғызып жатырмыз».

Сондай-ақ Наталья Ливинская Sulpak-тың кесілген ағаштардың орнына 500 ағаш отырғызамыз деген хабарламасына тоқтала кетті.
«Кесілген 9 ағаштың орнына 500 ағаш отырғызу бұл мүлдем аз. Ең кемі 3 мың ағаш отырғызылуы керек. Өйткені мұндай қымбат ағаштарды күтіп –баптап өсіруге ондаған жылдар қажет».
Sulpak кешені бұған дейін де төңірегіндегі ағаштарды «жарнамаларды, жарықтандырғыштарды жауып тұр» деген сылтаумен кесіп тастап отырғаны белгілі. Өткен жылы Төле би мен Әуезов көшелерінің қиылысындағы дүкендер төңірегіндегі елу жылдық көгілдір шыршалар шабылып кеткен болатын.
Бұл туралы Алматы қаласының әкімдігі мен Жасыл экономика басқармасы біле ме, білсе сауда кешені қандай жазаға тартылды?
«Негізінде көпжылдық көгілдір шыршаны кескені үшін бұл сауда кешеніне айып салынған болатын. Олар салынған айыпты төледі. Айыптарын мойындады. Шыршалардың орнына бозарша (туя) отырғызды».
Қоғам қайраткері, эколог , «Табиғат» қозғалысының басшысы Мэлс Елеусізов

«Алматы қай кезде болмасын жасыл қала болатын. Бірақ қазір жасыл желектер жойылып жатыр.Жерді сатып алып орнына құрылыс нысандарын салып жатқандар жасыл желектерді аяусыз тамырымен қопарып жатыр. Менің ойымша, табиғатқа бұлайша зиян келтіргендерді соттап, дүниесін тәркілеу керек. Мыңжылдық ағаштардың кесіліп жатқанын әкімдік те, Sulpak кешенінің басшылары да біледі. Мердігерлер тапсырыс берушінің бұйрығын әрдайым біледі де, оны орындауға да бейім тұрады».
Sulpak болса емендерді кесуге рұқсат бермегенін айтады.
«Мердігер компания өз еркімен келіп ағаштарды кеспейді ғой. Бұл әрине тапсырыс берушінің бұйрығы.Түн ішінде көзге көрінбей кесіп тастауы олардың бұған дейін де ешбір жазасыз қалғанын байқатып отыр».
Жергілікті тұрғын Диляра Бейсенова және басқалар да ағаштардың түнде кесілгенін растайды. 25 метрлік емендер қүлағанда жер сілкінгендей болған. Еменнен басқа самырсындар (пихта), көгілдір шыршалар да кесіліп кетті... Полиция болса тұрғындарды ағаштарды кескізуге Сулпактың рұқсаты бар, бәрі заңды деп сендірген.
Алматылық тұрғын Асқар Исатай осы мәселеге байланысты президент Тоқаевқа «Алмалы ауданының әкімі Бекқали Торғаевты депутаттыққа үміткерлер тізімінен алып тастауды ұсынған. Өйткені оның ойынша, табиғатқа жасалып жатқан мынадай қиянатты көрмейтін әкімнің депутат болуына моральдық та, құқықтық та қақысы жоқ. Ал дүкендерінің төңірегіндегі құнды ағаштарды жарнамалары көрінбей қалғаны үшін кескізіп отырған Сулпак та жеке кәсіпкерлік фирмаларды жалдап түнгі уақытты пайдаланып ағаштарды кескізіп алып, қазір барлығын солардың мойнына іліп отыр. Мұны Алматы әкімдігінің білмеуі мүмкін емес. Өйткені президент Тоқаевтың араласуымен ғана кесілген ағаштардың орнына ағаштар отырғызыла бастады».
Жергілікті тұрғын Валентина Александровна Алматының жасыл желегінің осылайша құрып бара жатқанына қынжылады.

«Бүгін Алматы әкімдігінің бәлен ақша шығарып отырғызып жатқан ағаштары өсіп-өнбейді. Он жастағы ағашты отырғызбайды табиғаттың заңы бойынша. Өйткені мұндай жастағы ағаштар тамырланбайды.Оны «Зеленстройдағылар» өте жақсы біледі. Біле тұра отырғызып жатыр. Бұл жаны ашымағандық. Осы ағаштардың бес пайызы өнсе де жаман емес. Ал осы қымбат ағаштарды кескізіп отырған Сулпак өздеріне тағылып отырған кінадан үзілді-кесілді бас тартқанымен бұл бәрібір солардың нұсқауымен болған .Ал енді жауапкершілік жағына келер болсақ, ол үшін Сулпакты тек 16 мың теңге айыппұлмен ғана жазаламай, олардың сауда жасауға деген лицензиясын 15 жылға дейін тоқтату керек. Бұл мерзім сол кесілген ағаштардың орнына отырғызылған жас көшет ағаштардың өсіп-жетілетін мерзімі. Тек осындай қатаң шаралар арқылы ғана сирек ағаштарды сақтап қалуға болады деп ойлаймын. Арзан айыппұлдардың сомасы оларға тыйым бола алмайды. Бұл олардың тек бір рет ресторанға барып көңіл көтеретін ақшасы болып шығады».
Ресми деректер бойынша кесілген ағаштардың жасы 60-та...
«Жоқ, меніңше, ағаштардың жасы 80-нен асқан. Қазір мен 75-те болсам, есімде қалғаны - менің кішкентай кезімнің өзінде олар биік болатын. Осындай ағашты тек отырғызып қана қоймай, оларды өсіріп көрсін ағашты кескендер! Ал жасыл желекті жойып жатқан Сулпактың, менің ойымша, сауда жасауға құқығы жоқ! ».
Бұл мәселе алдағы уақытта да ORDA. редакциясының назарында болмақ.
Аударған Баян Танатарова
Жаңалықтар
- Ақтөбеде мерзімді қызметтегі сарбазды ұрған сержант сотталды
- «Әділет» партиясы сайлауалды бағдарламасы мен кандидаттар тізімін бекітті
- Қостанайда пойыз вагонына шыққан жасөспірім тоққа түсіп, ауыр күйік алды
- Астанада мешітте намаз оқып жатқан ер адамның телефонын ұрлап кеткен
- Төрт күдікті ұсталды: Ақтау маңындағы Ақшұқыр ауылында көлік жуатын орында атыс болды
- Ақтөбе облысының Байғанин ауданында төтенше жағдай жарияланды
- Түркияда 18 жастағы қазақстандық қыз жол апатынан қаза тапты: СІМ мәлімдеме жасады
- Ердоған Анкарадағы НАТО саммитінен кейін Еуропа көшбасшыларына арнаулы тапанша сыйлады
- Астанада интернет-есірткі дүкені «қоймасы» рөлін атқарған күдікті ұсталды
- Мемлекет басшысының жарлығымен бірқатар елші тағайындалды
- Жамбыл облысында магнитудасы 4,5 болатын жер сілкінісі тіркелді
- ӘЧ-2026: Мбаппе бірнеше рекорд орнатты, Лондонда футбол жанкүйерлері шу шығарып, қаланы әбігерге салды
- Қазақстанда Kуzdar.net ісі бойынша алғашқы үкім шықты
- Омбыдағы гүлзар алаңына Кемел Тоқаевтың есімін беру ұсынылды
- Өзбекстанда әліпби өзгереді: 26 әріптің орнына 28 әріп болады
- Ақтаудағы кафелердің бірінде атыс болып, ер адамның бетіне оқ тиді
- Алматы мен Астанада аптап ыстық күшейеді: Ауа температурасы +38 градусқа дейін жетеді
- Студент қос аяғынан айырылды: Арыс әкімінің ұлы неге күдікке ілінді?
- Қытайдағы алапат тасқын: Қырыққа жуық адам қаза тауып, іздестіру жұмыстары жүріп жатыр
- Мас болып екі көлікпен соқтығысқан Данияр Елеусінов 20 тәулікке қамалды