Алматының «сары» аймаққа көшуіне байланысты жеңілдетулер болады
Алматының «сары» аймаққа көшуіне байланысты карантиндік шектеулер жеңілдетіледі. Бұл туралы қаланың бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин мәлімдеді. Оның айтуынша, бұған дейінгі қатаң шектеулер «қызыл» аймақта болған кезде қойылған.
«Алматы 30 қаңтарда қала «сары» аймаққа ауысты. Осыған байланысты ендігі жерде жеңілдетулер болады. Бұл барлық тармақтарға, соның ішінде коронавируспен ауыратын науқастарды ауруханаға жатқызуға да қатысты. Симптомсыз науқастар оқшаулау жағдайлары болған кезде үйде қалады. Ауырлығы орташа науқастар қолданыстағы қаулыға сәйкес ауруханаға жатқызылады», - деді Бекшин.
Бас санитарлық дәрігер Алматының «сары» аймаққа көшуіне байланысты қолданылатын жаңа шектеулер күшіне енетінін айтты. Ол үшін қалалық нысандар қызметін реттейтін жаңа қаулы қабылданады. Құжат жақын арада жарияланады.
Бұған дейін Жандарбек Бекшин симптомсыз коронавируспен ауыратын науқастардың барлығын ауруханаға жатқызу қауіпті деп, оның шешіміне қарсы шыққан дәрігерлердің сынына жауап берді. Олар COVID науқастары жағдайының ауырлығына қарамастан, барлығын бірдей ауруханаға жатқызу туралы тармақпен келіспейтіндіктерін айтқан болатын.
Естеріңзге сала кетсек, 28 қаңтарда Алматының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин 1 ақпаннан бастап қалада кез-келген түрде коронавируспен ауырғандарды ауруханаға жатқызу туралы шешім қабылдаған болатын.
Бұған дейін қаланың «қызыл» аймақта болуына байланысты карантиндік шаралар күшейтіліп, біраз нысандар қызметіне шектеулер енгізіліп, демалыс күндері сауда орталықтары жұмыс істемейтіні айтылған.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық