Алматының кәсіпкерлер қоғамдастығы карантинге байланысты мемлекеттен 2 млрд теңге талап етті
Карантинді ұзарту салдарынан бизнесі зардап шеккен кәсіпкерлер мемлекеттен қызметкерлерге жалақы төлеу үшін күніне екі миллиард теңге талап етті. Алматы Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің төрағасы Максим Барышев Алматының бизнес-қоғамдастығы атынан осындай мәлімдеме жасады.
Ақпарат Азаттық Радиосында жарияланды, деп хабарлайды Orda.kz.
— Тыйым салу және шектеу кезеңінде жұмысшылардың жалақысы мен жалдау ақысын және несиенің бір бөлігін төлеу үшін [кәсіпкерлерді] бюджеттен тікелей қаржыландыру керек. Жұмыссыз тұрған әр күн үшін қаржы бөлінуі тиіс. Қазір 50 мыңға жуық компания мен жеке кәсіпкер шектеуге ұшырады. Бұл – 250 мың қызметкер. Бұл – тек еңбекақы мен жалдау ақысы. Бизнесмендер ұжымды және жалдау орнын сақтап, мүмкіндік берілгенде қайта жұмысқа шығуға дайын. Бірақ қазір бюджеттен ешқандай төлем қарастырылмаған, – деді Барышев.
Спикер Алматының бас санитарлық дәрігерінің шешімдеріне қатысты да сұрақтар көтерді.
— Екі миллиард — үлкен сома. Бұл қаржыға Бекшин мырза бизнесті шектейді. Бизнес тек мемлекеттің қаржыландыруымен ғана аман қала алады. Бұл мәселені бірге шешейік. Егер бұл қолдау болмаса, Бекшинге сұрақ: локдаун кезінде 250 мың азамат не істеуі керек? Әрі қарай қалай күн көруі керек?
Екі миллионға жуық халқы бар Алматы 10 наурыздан бастап коронавирустың таралу қарқыны бойынша «қызыл» аймақта. Өткен тәулікте қала бойынша 415 адамда COVID-19 анықталды.
27 наурызда Бекшин Алматыда карантиндік шектеулерді 12 сәуірге дейін ұзартты. Бұл шектеулер 21 наурыздан бастап күшіне еніп, кәсіпкерлер арасында алаңдаушылық пен наразылық тудыруда.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық