Алматының екі миллионыншы тұрғыны баспаналы болды
Қала күні мерекесі аясында Алматының көпбалалы отбасына үш бөлмелі пәтер кілті табысталды.
Алматы қаласының екі миллионыншы тұрғыны Аяла Жамбылдың отбасы бүгін жаңа қонысқа ие болды. Қала күні мерекесінде оларға Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев жаңа пәтердің кілтін табыстады.
Бұл туралы Orda.kz Almaty.tv. арнасына сілтеп хабарлады.
Ұлттық статистика бюросы 2021 жылдың 21 маусымында дүниеге келген Аяла Жамбыл қаланың екі миллионыншы тұрғыны атанғанын хабарлаған болатын.
Мереке күні қала әкімі Бақытжан Сағынтаев Аяланың ата-анасына Наурызбай ауданындағы «Алма Сити-5» тұрғын үй кешеніндегі үш бөлмелі жаңа пәтердің кілтін табыстады. Сағынтаев балалар мен ата-аналарға зор денсаулық, отбасына бақыт пен береке тіледі.
Екі миллионыншы алматылық Аяла Жамбыл полиция қызметкері Бейбіт Әбілдаев пен балабақша тәрбиешісі Әлия Жаныбекованың отбасында дүниеге келген алтыншы қыз. Бұған дейін көпбалалы отбасы Қарғалы шағынауданында ата-анасының үйінде тұрған.
Жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен отбасының баспаналы болу арманы орындалды. Енді көпбалалы отбасы жаңа, әрі жайлы үйде тұратын болады.
Алматы қаласында жыл басынан бері көмекке мұқтаж 2 340 отбасы жеңілдетілген несие аясында тұрғын үймен қамтамасыз етілді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық