Алматының бірнеше ауданында ғимараттар биіктігі шектеледі
Orda.kz коллажы
Әңгіме Абай даңғылының оңтүстігіндегі, Әл-Фараби даңғылының солтүстігіндегі, Яссауи көшесінің шығысындағы, Шығыс айналма жолының батысындағы ғимараттар туралы болып отыр.
Алматының бірнеше ауданында көпқабатты үй салуға тыйым салынады. Мәслихат шешімінің жобасы қоғамдық талқылау үшін Ашық НҚА порталында жарияланды.
«Абай даңғылының оңтүстігінде, әл-Фараби даңғылының солтүстігінде, Яссауи көшесінің шығысында, Шығыс айналма жолының (ВОАД) батысында орналасқан тұрғын үйлердің рұқсат етілген максималды биіктігі ғимараттардың барлық түрлері үшін 6-9 қабаттан аспайды. Құрылыстың барлық орташа жоспарлы биіктігі шатырдың төбесіне дейін 35 метрден аспауы тиіс. Бұл ретте тұрғын үй ғимараттары жайлылықтың үшінші саанатынан төмен болмауы керек» делінген құжатта.
Алматы қаласын жоспарлау және қала құрылысы басқармасының басшысы Алмасхан Ахмеджанов әзірленген шешімдер сейсмикалық жоғары, автомобиль көлігінің, инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылым дамуының шектелуіне байланысты құрылысқа қолайсыз аймақтардағы жерлердің жаппай игерілуін шектеу мен демалыс аймағын ұлғайтуға көмектесетінін атап өтті.
— Абай даңғылының оңтүстігіндегі, Әл-Фараби даңғылының солтүстігіндегі, Әшімов көшесінің шығысындағы, Шығыс айналма жолы (ВОАД) аумағындағы ғимараттардың биіктігін шектеу аумақтың тығыздығын, әлеуметтік, көліктік және инженерлік инфрақұрылымға түсетін жүктемені азайтып, жаңа демалыс аймақтарының пайда болуына әсер етеді, - деп нақтылады Алмасхан Ахмеджанов.
Бұған дейін Алматының бұрынғы әкімі Бақытжан Сағынтаев қаланың жоғарғы бөлігінде жаңадан салынып жатқан үйлердің көп қабаттылығын шектеуді тапсырған болатын.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық