Алматылық «Динамоның» бапкері «Бәйтеректің» алдында аштық жариялады
Алматының «Динамо» жеке балалар хоккей клубының негізін қалаушы әрі жаттықтырушысы Юрий Богайчук аштық жариялап, наразылық акциясына шығуды ұйғарды. Қазір ол Нұр-Сұлтанда «Бәйтерек» монументінің жанында, өзімен бірге ұйықтайтын қапшығын ала келіп, мәселе шешілмейінше кетпейтіндігін айтты.
Юрий Богайчукіnstagram парақшасында бүгін аштық жариялады.
— Бұдан былай мен ештеңе жемеймін және мұз айдыны туаралы мәселесі шешілмейінше немесе манежді басқару компаниясын алып тастамайынша ас ішпеймін, - деді ол.

Ол балалар қиналып жатқандықтан, соңына дейін күресуге ниетті екеніне сендіреді.
— Мен ешкімді ештеңеге шақырмаймын. Егер полиция мені алып кетпесе, мен мүмкіндігінше осында қаламын, - дейді жаттықтырушы.
500-ге жуық бала тәрбиеленіп жатқан балалар клубының жабылу қаупіне байланысты Юрий аштық жариялау туралы шешім қабылдаған.
— Қазір біз жаттығуларымызды жалғастыра алмаймыз, өйткені жаттығу сағатының жартысынан көбі бізден алынып тасталды. Мұның бәрін осы қос Аренаға қызмет көрсететін M-Line компаниясы басқарады. Ареналар әбден әбігерге түсірді, «Алматы Арена» спортшылар үшін жабық, қазір ол жерде тек концерттер өтеді. Ал барлық спортшылар «Халық Аренаға» баруға мәжбүр. Бұл тек біздің ғана емес, барлық қалалық спорт түрлерінің мәселесі, - деп жаттықтырушы мәселенің қыр-сырын түсіндірді.
Әңгіме «Халық Арена» және «Алматы Арена» мемлекеттік мұз айдындарын басқаратын M-Line жеке компаниясы туралы болып отыр. Жаттықтырушының айтуынша, жағдай үш жыл бойы өршіп келген. Сонымен қатар жыл өткен сайын жағдай ушығып барады екен.
Бастапқыда клуб оларды әділдікке шақыруға тырысқан, бірақ оларды ешкім естімеген. Юрийдің пайымдауынша, бұл жағдайдан 2000-нан астам адам зардап шегуі мүмкін. Бұл балалар, олардың ата-аналары, отбасылар, қызметкерлер, сондай-ақ осы мәселе әсер еткен басқа да клубтар.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық