Алматылық бойжеткен ресейлік жігітпен кездесуді  1,8 млн теңгеге сатып алды

cover

2 наурызда Қазақстанның оңтүстік астанасында Yasnogram жеке брендін дамыту және монетизациялау бойынша ауқымды конференция өтті. Оған қазақстандық маркетологтар, сондай-ақ Ресейден келген қонақтар спикер ретінде қатысты.

Іс-шарада сарапшылар брендті құру және блогты монетизациялау жолдары туралы айтты. Қызықты жарыстар да болды.

Сонымен, қонақтардың бірінің сөзінше ресейлік маркетолог Михаил Тимочкомен кездесуге арналған әйелдер аудиториясы арасында аукцион өтті.

Шараның жүргізушісі, алматылық блогер Абай Қабдрашитов өзінің Instagram-Stories парақшасында видеомен бөлісті.

Кадрларға қарағанда, жиналғандардың бірі ресейлікпен кездесуді 1,8 млн теңгеге сатып алған.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар