Тағы бір университет лицензиясынан айрылды
Алматы қаласындағы Шет тілдер және іскерлік карьера университеті бас лицензиясынан айрылды. Бұған дейін ҚР БҒМ жоғары оқу орны бас лицензиясынан айыру алдында тұрғаны туралы хабарлаған болатын.
Бұл туралы Orda.kz Білім және ғылым министрлігінің баспасқз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Қайта тексеру қорытындысы бойынша 46 тармақтан 39 бұзушылықтар анықталды.
Университетке сәйкессіздіктерді жоюға уақыт берілді. Алайда, жоғары оқу орны берілген уақытты білім беру қызметтерінің сапасын жақсарту үшін қажетті жұмысты жүргізу мәселесіне емес, сот талқылауына және ҚР БҒМ комитетінің іс-әрекеттеріне шағымдануға жұмсады.
Нәтижесінде Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының шешімімен ЖОО бас лицензиясынан айырылды.
Сондай-ақ Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2021 жылғы 18 тамыздағы шешімімен жоғары оқу орыны нұсқаманы орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
– Біз жоғары оқу орындарына бұзушылықтарды жоюға уақыт береміз, алайда олар кемшіліктермен жұмыс жүргізбейді. Осыған байланысты кейінірек қатаң шаралар қолдануға тура келеді. Университеттердің оқу жағдайларын, білім беру бағдарламаларын және тұтастай алғанда, студенттерді белгілі бір мамандықтарға оқытуға деген көзқарасын жақсартуы үшін бұл өте маңызды.
Әйтпесе, жоғары оқу орындары сапалы білім емес, тек диплом беретін болады. Мысалы, Шет тілдер және іскерлік карьера университетінде білім беру сапасын қамтамасыз етудің ішкі жүйесі қалыптаспаған. Білім беру бағдарламаларын, жеке оқу жоспарларын талдау белгілі бір пәндер бойынша кредиттерді игеруде үлкен айырмашылықтарды көрсетті.
Тиісінше, білім алушылар пәндерді толық көлемде меңгермейді. Оқыту нәтижелері бойынша студенттердің 90%-ы шекті деңгейден өте алмады, – деп атап өтті ҚР БҒМ білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрайымы Гүлзат Көбенова.
Заңнамаға сәйкес, лицензиядан айрылған жағдайда студенттер семестрдің аяқталуын күтпей-ақ, басқа университеттерге ауыса алады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық