Алматылық бойжеткен метродағы ұрып-соғудың куәсі болды

cover

Бойжеткеннің айтуынша, Алматы метросында оның көз алдында екі жігіт үш оқушыны тапаншамен қорқытып, ұрып-соққан.

Алматы тұрғыны 21 қаңтар күні сағат 18.40 шамасында метрода жан түршігерлік көрініске куә болғанын жазды.

«Жұмыстан кейін серуендеп келе жатқанда көргенім: екі жігіт еш себепсіз, жазығы жоқ үш оқушыны ұрып-соқты, ол аздай жігіттердің бірі мылтығын шығарып, оларды қорқыта бастады» деп жазды ол.

Жазбаға Алматы қалалық ІІД бастығының орынбасары Рустам Әбдірахманов жауап берді. Ол шабуыл жасағандардың ұсталғанын мәлімдеді.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар