Алматылық «бәрін шешкіш құдыретті» әйелді полиция қолға түсірді
Сурет: Алматы ПД-нен
43 жастағы әйел әлеуметтік баспана алу кезегін «жылжытуға», сонымен қатар банктен қайтарымсыз несие алуға көмектесуге уәде берген.
Ол тіпті қылмыстық тергеу барысына ықпал ете алатынын айтып, жұрттың сеніміне кірген. Бұл, әрине, өтірік болып шықты. Алаяқ келіншекті полицейлер қолға түсірді.
— Бүгінде біздің бөлімшенің үш адамы осы іс бойынша жұмыс істейді. Алаяқтығына көзі жеткен жұрт азаматша Б. жөнінде ішкі істер органдарына жүгінді. Қамау түріндегі тергеу мерзімінде бұлтартпау шарасын таңдау мәселесі шешілетін болады. Бұл ретте басқа да ықтимал зардап шеккендерді анықтау жұмыстары қатар жүргізілуде. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда, - деді Бостандық аудандық полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Думан Аухадиев.
Полиция қызметкерлері азаматша Б-ның заңсыз әрекетінен зардап шеккен азаматтар мына телефондар арқылы хабарласа алатынын хабарлады: 254-47-01; 254-47-02 және 8-702-160-06-34.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық