Алматылық адвокат Тигран Кеосаянды сотқа берді
Алматылық адвокат Жангелді Сүлейманов тележүргізуші Тигран Кеосаянды сотқа берді. Десе де оның бұл шешімін қолдамайтын қазақстандықтар да бар-мыс.
28 маусымда адвокат Жангелді Сүлеймановтың парақшасында оның ресейлік тележүргізуші Тигран Кеосаянды сотқа бергені туралы хабарлама жарияланды. Адвокат сотта Қазақстан азаматтарының ар-намысы мен қадір-қасиетін қорғауды жоспарлап отыр.
«Кеосаянның біздің халқымызға тіл тигізгені сөзсіз. СІМ-не осы іс төңірегіндегі берік позициясына рахмет. Бірақ қазақтар да кері жауап қайтару керек. Заңға сәйкес, жауапкер шетелдік болса да, мұндай істер бойынша біздің қазақстандық сотқа шағым беруге болады. Кеше мен Алматы қаласының Алмалы аудандық сотына осындай талап арыз бердім. Мен соттан Кеосаян өзінің Youtube каналында өзінің қателескені туралы жаңа бейне жариялауын сұраймын. Одан басқа ештеңе қажет емес», — деп жазды Сүлейманов.

Жазба астына жазылған пікірлерді қарап отырып Сүлейменовты құттықтағандарды және оның осы бір шешімін құп көрмейтіндерді де байқадық. Кейбір пайдаланушылар Сүлеймановтың сотта азаматтардың ар-намысы мен қадір-қасиетін қалай қорғауды жоспарлап отырғанын түсінбейтінін жазып жатты. Келіспейтіндердің бір бөлігі ҚР СІМ атынан құзырлы орган бұл мәселеге нүкте қойғанын жарыса алға тартып отыр.
Берілген талап арыз соттың қарауында, ал бұл Кеосаянның Қазақстан атына айтқан сөзі әлі де таласқа түсіп, талқылануы мүмкін дегенді білдіреді.
Естеріңізге сала кетейік, 24 сәуірде Russia Today бас редакторы Маргарита Симонянның күйеуі, тележүргізуші Тигран Кеосаян өз шоуында Қазақстанның Украина-Ресей қақтығысына қатысты өз «пікірін» айтқан болатын.
Сол күні ҚР СІМ тележүргізушіні нон-граттағы жеке тұлғалар тізіміне енгізу және елге кіруге тыйым салу туралы шешім қабылдады. Бірақ ол оған қорқа қоймаған сыңайлы, себебі Кеосаян болашақта Қазақстанға келетінін мәлімдеді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық