Алматыға қаңтар оқиғасы мен Мамайдың ісін тергеуге Ұлыбританиядан комиссия келді
Бүгін, 16 қаңтар күні Алматыға Қаңтар оқиғасы мен тіркелмеген Демпартия жетекшісі Жанболат Мамайдың ісін тергеу бойынша Ұлыбритания парламенттік комиссиясы келді. Бұл туралы Жанболат Мамайдың жұбайы Инга Иманбай хабарлады.
– Бүгін Алматыға Қаңтар оқиғасын және Жанболат Мамайды қылмыстық қудалау ісін тергеу бойынша Ұлыбритания Лордтар палатасының мүшесі Кен Макдональд (Lord Macdonald KT KC of River Glaven) бастаған Комиссия өкілдері келді. Комиссия құрамында халықаралық құқықтық көмек көрсету компаниясы Bindmans LLP жетекшісі Тайаб Али мен басқа да арнайы мамандар келіп жетті. Бірнеше күннен кейін Алматыға Комиссияның тағы бір мүшесі - Ұлыбритания парламент депутаты сэр Роберт Бакленд те ат басын бұрмақ. Бірнеше күннің ішінде Комиссия мүшелері Қаңтар оқиғасына қатысушылармен, азаптау құрбандарымен, қасіретті күндері туған-туысынан айрылғандармен және бірқатар құқық қорғаушылармен, журналистермен де кездеспек. Сонымен бірге, Комиссия өкілдері қазіргі таңда үй қамақта отырған Жанболат Мамаймен де сөйлесуді жоспарлап отыр, – деп жазды Инга Иманбай facebook парақшасында.
Оның айтуынша, Мамай тарабы сотқа арнайы қағаз жолдаған. Сондай-ақ комиссия Астанаға барып, Қазақстанның лауазымды өкілдерімен кездесуді жоспарлап отыр. Осы аптада Комиссия өкілдері Алматыда арнайы баспасөз мәслихатын өткізеді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық